«15 жасымда алып қашты»: танымал блогер Маңғыстауда қыздарды тым ерте тұрмысқа беретінін айтып дабыл қақты

Аиса Махамбет Редактор
06.12.2024, 18:16
2968
«15 жасымда алып қашты»: танымал блогер Маңғыстауда қыздарды тым ерте тұрмысқа беретінін айтып дабыл қақты жеке мұрағатынан

Желі арқылы танымал болған блогер Айгерім Ерғазы жеке өмірінен сыр шертті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызы “Түзу қабырға” подкастында қонақ болып, жан сырын ақтарды. 

“Күйеуім мені 15 жасымда алып қашты. Ата-енем құшақ жайып қарсы алды. Енем мені алдап жұмсайтын. Үйде жеңгелерім болғасын, мен жұмсалмай бой жеттім. Соны енем сезіп, бәрін басынан бастап үйретті.

Ана-енеден жолым болды деп айта аламын. Одан кейін менің балалығым көрініп тұрды. Қонағы үзілмейтін қара шаңыраққа тұрдық. Сол кезде шаршап тұрсам, “шаршап қалдым” деп айтатын едім. Бұл менің балалық шынайылығым еді. Күйеуім екеуміз бөлек кетсек те, енеммен байланысымды сақтап қалдым. Бәрін енемнен үйрендім”, – деді блогер келіншек. 

Сондай-ақ желі жұлдызы күйеуінің басқа келіншекке кетіп, екі баласымен қалғанын жасырмады. 

“Ажырасу жақсы емес. Кімге болса да оңай тимейді. Бір төсекте жатқан күйеуің көзіңше басқа әйелмен кетіп қалады. Көзің мөлдіріп, екі баламен қалып кетесің. Өте қиын кезең болды. Ажырасуға алты ай бойы келіспей жүрдім. Өйткені балаларымның әкесін қатты сүйдім. Шын жақсы көргесін, кешіруге де дайын болдым.

Заңды некені бұзу үшін сотқа бардық. Бірақ ол әйел ажыраспай тұрып, қолына кіріп алған. Соттың алдында күйеуім: “Оны жақсы көрмеймін, бірге тұрмаймын” деп кесіп айтты. Мен “Балаларымның әкесінен ажыраспаймын” деп тұрып алдым.

Бұл жерде қоғамдық мәселе бар. Маңғыстау өңірінде қыздар ерте тұрмыс құрады. Сосын күйеуі суып кеткесін, ажыраса салады. Балаларымен далада қалады. Сот та біржақты шешім шығарып, істі жапқысы келді. Бірақ біздің істі облыстық сотқа жіберді. Сол кезде өзім де шаршадым. Ажырасу керегін түсіндім”, – деді Айгерім Ерғазы. 

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол