Чемпионат кезінде төбелес шығарған бокс бапкері 2 жылға жарыстан шеттетілді (ВИДЕО)

07.12.2024, 10:13
486
Чемпионат кезінде төбелес шығарған бокс бапкері 2 жылға жарыстан шеттетілді (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Маржықпаев төрешілер шешіміне наразы болып араларында үлкен дау туған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокс федерациясы 5 желтоқсан күні Ақтау қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты кезіндегі оқыс жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Аталған жекпе-жек күні Ақмола облысының өкілі Дамир Ибрагимов пен Астана қаласының спортшысы Кенесарыәмір Маржықпаев кездесуінен соң Астана қаласының жаттықтырушысы (К.Маржықпаевтың әкесі) Ерік Маржықпаев төрешілер шешіміне наразылық білдіріп, даудың соңы кикілжіңге ұласты. 

Алайда эмоциясы басылғаннан кейін Ерік Маржықпаев бірден төрешілерден кешірім сұраған. Осы оқиғадан соң Қазақстан Бокс федерациясы атқарушы комитеттің отырысын өткізді.

Отырыс нәтижесінде Ерік Маржықпаев бапкерлерді, төрешілерді, жарыс ұйымдастырушыларын құрметтемегені үшін және ҚР спорттық этикасын бұзғаны үшін бокстан жергілікті, республикалық және халықаралық жарыстардан 2 жылға шеттетілді. Спорт – бұл тек жарыс алаңы  ғана емес, эмоцияның ортасы екенін де ұмытпаған абзал. Дегенмен, алдағы уақытта Министрлік мұндай жағдайлардың қайталанбауы және оқыс оқиғалардың алдын алу үшін нақты шараларды қолға алып, профилактикалық жұмыстарды күшейтеді,-делінген федерация мәліметінде.

Айта кетейік, ел чемпионатындағы оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. 

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған