Қызметі үшін қазақша үйренген АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі отставкаға жіберілді

07.12.2024, 11:50
464
Қызметі үшін қазақша үйренген АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі отставкаға жіберілді бейнежазбадан алынған кадр

«Қазақстанда елшісі болу – мен үшін үлкен құрмет» дейді Розенблюм.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап қызметінен кететінін мәлімдеді. 

Дэниел Розенблюм 2022 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметін атқарып келеді. Ол 2025 жылы өзінің АҚШ мемлекеттік департаментіндегі 28 жылдық еңбек жолын тәмамдайтынын мәлімдеді. 

"Қазақстанда АҚШ елшісі болу – мен үшін өмірімдегі ең үлкен құрметтердің бірі. Мен Қазақстан халқымен жақынырақ танысып, елдің барлық өңірлерін аралап, оның ерекше тарихы жайлы көп нәрсе білгеніме қуаныштымын. Осында тұрған уақытымда елдің бай мәдениеті мен дәстүрлеріне терең құрметпен қарадым", – деді елші Розенблюм. 

АҚШ елшілігі елші Розенблюмнің жетекшілігімен АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп, сауда, инвестиция, халықтар арасындағы байланыс, университеттер серіктестігі мен қауіпсіздік салаларында айтарлықтай табыстарға қол жеткізілгенін атап өтті. 

Елші Розенблюм миссияның алдағы жетістіктеріне толық сенім білдіріп, жаңа елші тағайындалғанға дейін миссия басшысының орынбасары Дебора Робинсонның уақытша басшылығына және Алматыдағы АҚШ бас консулы Мишель Еркиннің кәсібилігіне сенім артатынын мәлімдеді. 

Еске салсақ, бұған дейін Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі сырттай алты жылға сотталғаны туралы жазған едік.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды