Черчесов: Қазақша лекция оқи алмасам да «Қалайсың» деп айта аламын

07.12.2024, 13:35
595
Черчесов: Қазақша лекция оқи алмасам да «Қалайсың» деп айта аламын kff.kz

Бапкер қай елде болса да, сол елдің тіліндегі маңызды сөздерді үйреніп алатынын айтып ақталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов "СЭ" басылымына берген сұхбатында қазақ тілін үйрену туралы сұраққа жауап берді. Ол қай елде жұмыс істесе де, міндетті түрде сол елдің негізгі фразаларын үйреніп алатынын айтты. 

"Егер басқа елде, басқа мәдениетте болсаң, ең болмағанда негізгі тіркестерді білуің керек. Әрине, қазақ тілінде лекция оқып, киім ауыстыру бөлмесінде нұсқау бере алмаймын. Бірақ сәлемдесіп, "қалайсың?" деп сұрай аламын. Қазір қазақ тілін үйренуге уақыт аз. Бірақ ойыншылар мен құрам қызметкерлері сөйлескенде, сөздердің мағынасын сұрап отырамын", – деді Станислав Черчесов "СЭ" басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Черчесов 2024 жылдың шілде айында Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді. Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілін үйренуі екіталай екенін, алайда қажет сөздерді білетінін айтты. Алайда ол баспасөз конференциясы кезінде журналистердің қазақ тіліне байланысты қойған сұрағына кідіріп қалды.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовке қазақша сұрақ қойған журналисті мазақ еткені үшін 200 АЕК (738 400 теңге) айыппұл салынды. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов "Черчесовтің әзілдері кейде шектен шығып кетеді. Мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіріп, онымен жеке сөйлестік. Айыппұл салынды" деп мәлімдеді. Бұдан бөлек ол журналистің қазақ тіліндегі сұрағына "сен французша сөйлеп тұрсың ба?" деп әзілдеген еді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды