«Елім» деп соққан жүрегі, Отанның тірегі

07.12.2024, 14:50
776
«Елім» деп соққан жүрегі, Отанның тірегі жеке мұрағатынан

Жасыратыны жоқ, қазір әскерден қашып, түрлі сылтау табатын жастар азаймай тұр. Әлемде болып жатқан алмағайып заманда ел тыныштығын қамтамасыз ететін ержүрек азаматтардың көп болғаны қажет-ақ. Бұл ретте, кішкентай кезінен тағдырын әскери өмірмен байланыстырып, Отанға деген махаббаты төгіліп тұратындар болады. Солардың бірі – Төлеуханов Амир Арманұлы.

Ол 2003 жылы 30 желтоқсанда Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген. 2010 жылы Баянауыл ауданы, Бірлік ауылындағы Жылбек Ағаділов атындағы мектептің табалдырығын аттап, өзін жауапты, ізденімпаз әрі тәртіпті оқушы ретінде көрсете білді. Бұл асыл қасиеттер оның болашағына жарқын жол ашты.

Амир мектепті бітірген соң 2021 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясына оқуға түсті. Бұл шешімі оның елге деген сүйіспеншілігінің, ерік-жігерінің және Отан алдындағы борышын орындауға деген ниетінің дәлелі болды.

Амирдің академиядағы оқу жолы жоғары жетістіктерге толы. Ол 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарында қатарынан үш жыл бойы «Үздік оқу рейтингі» атағына ие болды. Бұл марапат тек жоғары академиялық үлгерімді ғана емес, сондай-ақ оның тәртіпке деген беріктігі мен қажырлы еңбегін де айғақтайды. Сонымен қатар, оның есімі ҚР Ұлттық ұлан академиясы музейінің филиалына енгенін атап өткен жөн. Мұндай мәртебе екінің біріне бұйыра бермейді.

Амир тек оқуда ғана емес, қоғамдық өмірде де алдыңғы қатардан көрініп жүр. Ол әртүрлі мәдени, спорттық және ұйымдастырушылық іс-шараларға белсене қатысып, академияның беделін арттыруға өз үлесін қосты. Осылайша, замандастарына үлгі бола білді.

Амир Арманұлының өмірлік ұстанымы – «Ерлікке толы жол – Отанға қызмет ету». Бұл қағида оның әрбір қадамы мен жетістігінде айқын көрініс тапқан. Ол өз ерлігімен, адалдығымен және білімге деген құштарлығымен болашақта Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кәсіби офицер, халықтың тірегі болатынын дәлелдеп келеді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады