Ойын-сауық орталығында үстелдің астынан пара алған Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеунігі сотталды

Аиса Махамбет Редактор
07.12.2024, 17:28
517
Ойын-сауық орталығында үстелдің астынан пара алған Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеунігі сотталды бейнежазбадан алынған кадр

Дархан Әбдікәрімовқа сот үкімі шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда ойын-сауық орталығында пара алғаны үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік тексеру комитетінің бұрынғы төрағасы Дархан Әбдікәрімовқа сот үкімі шықты.

78 миллион теңгеге пестицидтер (арамшөпті, өсімдік зиянкестері мен індеттерін жоятын химиялық препарат) сатып алуға келісім-шарт жасау үшін мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы ЖШС басшысынан 4 миллион теңге сұраған. Кәсіпкер параның бірінші жартысын шенеунікке өз қызметкері арқылы беріп жіберсе, екінші жартысын Қостанайдағы сауда ойын-сауық орталығында дәмханадағы үстелдің астына жасырып берген.

Шенеуніктің пара алып жатқан сәтінен видеоны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жариялады. Пара берген кәсіпкер де, шенеунік де заң алдында жауап берді. 

Сотталушылардың жеке басын, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар санатына жататын олардың әрекетінің сипаты мен қоғамға төндіретін қауіп дәрежесін, істің барлық мән-жайын, сондай-ақ 55-баптың 3-бөлігінің талаптарын ескере отырып қылмыстық кодексіне сәйкес сот бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов 3 жыл 6 ай мерзімге, кәсіпкер 3 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырыды. Сотталушылар жазасын орташа тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейді», – деп мәлімдеді Қостанай облысытық соты. 

Бұрынғы шенеуніктен тәркіленген 4 миллион теңге де, кейін өндірілген 400 мың теңге де мемлекетке қайтарылды. Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушылардың істеген әрекетіне өкініп, кінәсін мойындауын жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп таныды.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды