Алматыда ала дорбадан денесі табылған әйелдің кім екені белгілі болды

Аиса Махамбет Редактор
07.12.2024, 17:52
3867
Алматыда ала дорбадан денесі табылған әйелдің кім екені белгілі болды Stan.kz / Медет Исапанов

39 жастағы әйелді киімімен бүктеп орап, скотчпен байлап, ауланың жанындағы қуысқа тастаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласы Түрксіб ауданында 39 жастағы әйелдің денесі ала сөмкеге оралған күйде табылды. Белгісіз біреу пакетке келіншекті киімімен бүктеп орап, скотчпен байлап, ауланың жанындағы қуысқа тастаған. Бір апта бойы көп қабатты үйдің жанында жатқан сөмкенің ішінде адамның денесі барын ешкім байқамаған.

Тұрғындар аса жауыздықпен өлтірілген келіншекті танып отыр деп Stan.kz сайты мәлімдеді.

Ернат Багаев Түрксіб ауданында он жылдан аса уақыт тұрады. 5 қараша кешкі сағат 18:00-де 39 жастағы келіншектің денесін құзырлы органдар тапқанда куәгер болған. Сөзіне сенсек, ала сөмкеде киіміне ораулы жатқан Гаухар есімді келіншек. Аулада үнемі мас күйінде жүретін оны соңғы кезде көрінбей кетті дейді. 

Полиция сөмкені ашқанда мен қарай алмадым, бірақ оның Гаухар есімді келіншек екенін таныдым. Үнемі мас күйінде аула жанында жүретін. Бұл сөмкенің осы жерде тұрғанына бір аптадай уақыт болған, бірақ оның не екеніне ешкім мән бермепті. Өлі адамның денесі табылғанда қорқып кеттік. Ауладағы үлкен кісілер қол-аяғы кесулі болған деп жалған ақпарат айтып жатыр. Мүлде олай емес. Келіншекті бүктеп өз киіміне ораған, сосын аузып әбден скотчпен орап, ешкім көрмейтін бұрышқа тастап кетіпті”, – дейді Ернат. 

Осы ауданның тұрғыны Марзия Танжарықованың айуынша, бұл оқиғадан соң балаларын үйден шығаруға қорқып қалған.

Балаларым, немерелерім үшін уайымдаймын. Бұл жағдайды енді естіп отырмын. Шынымды айтсам қатты қорқып қалдық. Бұған дейін мұндай жағдай болмаған.

Фото: Stan.kz/Медет Исапанов

Бұл фактіге қатысты полиция түсініктеме берді.

Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Объективті мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел және тергеу шараларының кешені жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге ​​жатпайды,- дейді полиция басқармасы. 

Оқиғаны толығырақ жайын YouTube арнасынан көріңіздер

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады