«Ол кісіге разымын»: Роза Бағланованың келіні аңыз әншімен қандай қарым-қатынаста болғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
07.12.2024, 18:24
750
«Ол кісіге разымын»: Роза Бағланованың келіні аңыз әншімен қандай қарым-қатынаста болғанын айтты жеке мұрағатынан

Немерелерімді өнерге берме деп аманаттады дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, халықтың жүрегінен ойып тұрып орын алған Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова KAZ.NUR.KZ сайтына берген сұхбатында енесінің жеке өмірі туралы айтып берген.

Ол алғаш келін боп келген сәтті еске алды.

«2001 жылы келін боп түстім. Жолдасым екеуміз алты айдай сөйлесіп жүрдік, содан кейін анасымен таныстырды. "Тез-тез үйленіңдер" деп енем асықтырды. Ол кезде студент едім. Әрі қарай оқимын, аспирантурада білім аламын деген ойым бар еді. Бірақ басқа жолды, яғни отбасылық өмірді таңдадым. 21 жаста едім, көп нәрсені түсінбеймін. Келін боп келдім, бір аптадай таңертең сәлем салып жүрдім. Екі-үш күннен кейін "Сәлем салмай-ақ қой. Қайырлы таң десең болды. Мен сені келін емес, қызым ретінде көргім келеді" деп өзі айтты. Әрине, бәрі керемет болды десем өтірік болар, отбасындағы татулық ене мен келіннің өзіне байланысты.

Ол кісінің қабағына да қарадым, менің істеген тамағымды ұнатпай қала ма деген ой да болды. Әр адамның мінезі бар ғой. Маманың да мінезі бар, менің де мінезім «Құдайға шүкір». Бірақ келін боп түскеннен кейін қамыр жаюды, 25 адамды күтіп алуды үйрендім. Мама маған көп нәрсені үйретті. Сондықтан мен ол кісіге разымын», – дейді ол.

Мерей Бағланова енесінің атынан жеке парақша ашып, ол туралы мұрағаттарды жиі жариялап жүр. Желіде аңыз адамның атын ұмыттырмай жаңғыртып жүрген ол енесі қайтыс болғаннан 1 жылдан кейін парақша ашқанын айтты.

«Мама 2011 жылы қайтыс болды, ал Instagram-дағы парақшаны 2012 жылы аштым. Бір күні ой келді, мама туралы интернетте көп ақпарат жоқ, ол кезде YouTube-те болған жоқ. Сол кісі туралы Instagram-ға суреттерін жүктеп, мама туралы естеліктерді бөліссем деген ой туды. Солай бастаған едім, адамдардың қызығушылығы байқалды. «Роза Бағланова туралы естеліктерді көп салыңызшы» деген өтініштер көбейді. Содан кейін мама туралы ақпараттар Instagram-да архив боп қалсын деп, сол кісіге парақшаны арнап аштым, – дейді ол. 

Әртістің ұлы Тәжен мен келіні Марал – Роза Бағланованың жеке мұражайын ашқысы келетінін айтты.

«Маманың көзі тірі кезінде қандай заттары болды, соның бәрі үйде тұр. Үлкен әжемізден қалған ыдыстары тұр, біз оны пайдаланбаймыз. Сатып алған күмістері бар. Атамыздан қалған қасық пен табақ бар. Бұрынғы Қонаев заманындағы жиһаздарын қайта жаңартып, жөндеп, үйге қойып қойдым. Себебі маманың 100 жылдығында үйге адамдар келетінін білдім. Сондықтан үйдегі бір бөлмеге кішігірім мұражай жасап қойдым. Ол бөлмеде Роза Бағланованың үстіне сепкен әтірі, киген жағалы тоны, бас киімі, аяқ киімі, қолғабы және қол орамалы, бас орамалы бәрі-бәрі сақтаулы тұр.

«Неге апаның мұражайы жоқ?» деп, халықтың атынан көп ұсыныстар түсіп жатыр. Роза Бағланованың қалдырып кеткен жәдігерлерін жеке мұражайға қойғанға не жетсін... Әкімшілікке де ұсыныс айттық, бірақ өкінішке орай әзірге тыныштық. Негізі осы өзі тұрған қарашаңырақты мұражай қылуға дайынбыз, бірақ екінші қабатта орналасқан, көп адам келмейді, халыққа ыңғайсыз болады. Ал егер жеке ғимарат болса жақсы болар еді. Бүкіл жәдігерді сол жерге апаратын едік. Алматыдағы Жамбыл атындағы филармонияның алдында Роза Бағланованың әдемі ескерткіші тұр. Бірақ сол ғимараттың ішінде мұражай ашатын орын жоқ екен. Сол бізге арман боп тұр. Роза Бағланова ұлы, келіні және немерелерімен», – дейді ол. 

Сондай-ақ ол Роза Тәжібайқызының тігін фабрикасында жұмыс істеп, күнделікті киімдерінің дизайнері болғанын айта кетті.

«Негізі мама тігін фабрикасында жұмыс істеген. Сондықтан бүкіл концерттік костюмінің, өзінің күнделікті киетін киімінің дизайнері өзі. Сондай-ақ үйде өте керемет аспаз болғанын айта кетейін. Әсіресе палауды өзбектерден де өте керемет пісіреді десем, артық айтқаным емес. Асханада өте мықты болған. Қартайғанда да соңынан қалмай палау пісіріп беруін өтінетінбіз. Келіні ретінде асхананы өз қолыма алсам да, мама дайындаған палаудың дәмі аузымызға келіп тұрады. Ол кісі маған «әсіп» деп аталатын тағамды жасауды, шелпек пісіруді үйретті. Сондай-ақ ол кісі өмірде де, өнерде де өз-өзіне өте талапшыл әрі өзіндік ұстанымы бар адам еді. Бір сөзінде жеткен жетістігі жайлы: «Егер әр банкеттен кейін сол жерде қалып, елдің көңіліне қарап, жейтінін жеп, ұрттайтынын ұрттасам, онда мен Роза Бағланова болмаймын едім» деп айтқаны бар. Сол сөзі әлі есімде...», – дейді ол.

Мерей Бағланова атақты әртістің артында қанша ұрпағы жалғасып келе жатқаны туралы деректермен де бөлісе кетті. Айтуынша, ол жолдасының бірінші некесінен 1 қызы, ал екінші некесінен, жолдасы 3 баласы барын айта кетті. 

«Тәженнің, яғни менің жолдасымның алғашқы отбасынан Ақерке Бағланова есімді 27 жаста бір қызы бар. Мәскеуде дәрігер боп жұмыс істейді. Екінші отбасынан үш бала бар. Біздің ортақ некемізден туған Тәжібай 23 жаста, Маржан 22 жаста және Үрбибі есімді 12 жастағы қызымыз бар. Ол апасының көзі кеткеннен кейін дүниеге келген бала. «Немерелерімді өнерге берме, ол оңай зат емес. Ол жерде барлығы болады, оны көтере алатын адам ғана көтереді» деп айтатын. Роза Бағланованың немерелерінің арасында кәсіби түрде өнерге келген ешкім жоқ», – дейді ол.

Одан бөлек Мерей Бағланова енесінің танымалдығы көмектескен жайларды айта кетті.

«Мен сізге бір қызық оқиға айтып берейін. Мама төрт бойы жыл ауырды ғой. Ауруханада жатты. Бірақ ол кісі аурухананың тамағын жемейтін, өзінің диетасы бар. Мен күнде үйден тамақ әзірлеп апаратынмын. Тура 12:30-да мен ауруханаға ыстық тамақ апаруым керек. Бір күні кішкене кешігіп қалдым. Көлікке отырып, ұшып бара жатыр едім, бір кезде соңымнан жол полициясы тоқтатты. Жылдамдықты шектес тыс асырып жіберіппін.

Жол құжатымды сұрады, ол кезде көлік енемнің атында еді. «Сіз Роза Бағланованың қызысыз ба?» деп сұрады. «Сол Роза Бағланова ауруханада жатыр, қазір кешіксем менің де, сіздің де басыңыз кетеді» дедім күліп. Сол сәтте әлгі жол полицейі: «Ойбай, апаға сәлем айтыңыз, ауырмасын» деп жібере салды. Ол кісінің өнерін сыйлағаны ғой. Атақты фамилияның бір жағынан көмегі бар, екінші жағынан жауапкершілік деген тағы бар», – дейді ол.

Тоқаев келіссөздер жүргізген Трамп пен Путиннің шешімін құптайтынын жеткізді «Күнкөрістің қиындығына шыдамадым»: Өз ұлын өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған әйелге үкім шықты «Путин дайын»: Трамппен әңгімеден соң Путин қандай шешімдер қабылдағаны белгілі болды «Көктайғақ, жел»: 19 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды Дәстүр мен тренд тоғысқан сәт: студенттер ұлттық киімнің заманауи топтамаларын ұсынды «Енді Қайрат Нұртас сияқты ертіп жүремін»: Нұржан Төлендиев әйелін сахнаға шығарғысы келетінін айтты «Жүректі ауыртқым келмейді»: Мақпал Жүнісова продюсер Баян Мақсатқызының ұсынысын қабылдамады Алматылық жігіт ChatGPT көмегімен сотта жеңіп шықты Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі алаяқтық жасағанын мойындады Трамп бұрынғы президент Байденнің ұл-қызын күзетінен айырды «374 млн теңге ақша мен 12 кг алтын»: «Nazira Gold» қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды Лифтіде жараланған 5 жасар баланың қазіргі жағдайы белгілі болды «Тойдың орнына Дубайға жібердік»: Бүркіт ата-анасын шетелге демалысқа жіберді «Аяқтары тілінген, тістері сынған»: Алматыда 20 жастағы келіншектің өліміне қатысты жаңа деректер шықты «Үлгі алатын жалғыз адам»: Айдар Тұрғамбек медреседе балаларға аяқ уқалатқан ұстаздың туысы боп шықты «Тұрғындар қайықта, ал балалар сабаққа бармайды»: Ақтөбе су тасқынымен күресіп жатыр (ВИДЕО) ХҚКО-да кезек күту уақыты 2 сағаттан 40 минутқа қысқарған Ербаян Мұхтар туралы қуанышты жаңалық жетті Мұсылмандар 2030 жылғы оразаны екі рет ұстайды «30 градус ыстық»: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды