703

Тоқаев Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады

Кәсіби спорттағы жетістіктеріне тілекші болды.

Тоқаев Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады
Aqorda

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев UFC спортшысы Шавкат Рахмоновты кезекті жеңісімен құттықтады. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, былтыр Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдап, оны Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде жеңісімен құттықтаған еді. Президент Рахмоновтың жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігінің жас ұрпақты жігерлендіріп, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын атап өтті.

Спортшы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруге тілектестік білдірді. Шавкат Рахмонов Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтып, жанкүйерлердің үмітін ақтап, ел мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

Материал авторы