SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Лас-Вегастағы UFC 310 турнирі аясында өткен жекпе-жекте жеңіске жеткен отандасымыз Шавкат Рахмонов қарсыласы туралы пікір білдірді.
Жеңіліс көрмеген қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов бұл жолғы қарсыласы ирландиялық Иэн Гэрридің мықты болғанын және өзі үшін биыл ауыр жыл болғанын айтты.
Қолдағандарыңыз үшін рахмет! Әрине, Иэн Гэрри мықты қарсылас, өте тең жекпе-жек көрсеттік. Бірақ осы жыл ішінде мен үшін өте көп ауыр жағдайлар болды. Дегенмен айқасқа қолдан келгенше жақсы дайындықпен келдім, – деді Шавкат Рахмонов.
Еске салсақ, Шавкат Рахмонов Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде Иэн Гэрриден басым түсті. Жекпе-жек бес раундқа созылды. Бұл отандасымыздың 19-шы жеңісі болды, әрі ол алғаш рет айқасты мезгілінен бұрын аяқтай алмады. Ал Иэн Гэрри үшін бұл кездесу мансабындағы алғашқы жеңіліс.