«Баласы салонда ұйықтап жатқан»: Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп, қаза тапты

08.12.2024, 11:22
5144
«Баласы салонда ұйықтап жатқан»: Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп, қаза тапты Zakon.kz

1988 жылы туған ер адам артқы дөңгелегін тіреуге барып, көліктің астында қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 7 желтоқсанда Алматы тауларында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты орын алды.

Ішінде ұйықтап жатқан бала бар жүк тиелген "ГАЗель" көлігі өз жүргізушісін басып кетті. 

Қайғылы оқиға Мұстафа Шоқай көшесінің жанындағы тар аллеялардың бірінде болған. Сол сәтте жергілікті тұрғын үйіне көлігімен қайтып келе жатқан. Салонда оның бес жасар баласы да болған. Ол оқиға орын алғанда ұйықтап жатқан.

Үйге бірнеше ондаған метр қалғанда, газельдің алдынан бір көлік шығып қалған. Бұл аймақтағы жолдар тар және өту қиын болған соң, ер адам тоқтап, қарсы келе жатқан көлікті өткізуге шешім қабылдаған.

Фото: Zakon.kz

Жүк тиелген «Газель» жүргізушісі көлік төменге қарай кетіп қалмас үшін, оны өшіріп түскен. Дегенмен көлікті «жылдамдықпен» қалдырған. Газельдің артқы дөңгелегінің астына зат қоюға барған кезде, көлік оны басып қалған.

Көлік бұрылып, бүйіріне қарай аударылып кете жаздаған. Оқиғаның куәгерлері дәрігерлерді шақырып, баланы көліктен алып шыққан.

Өкінішке қарай, 1988 жылы туған ер адамның алған жарақаты ауыр болып шықты. Ол жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Қазір апат орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді