20 жастағы қызды зорлап, азаптап өлтірген жетісулық зорлықшыға сот үкім шығарды

08.12.2024, 11:52
1360
20 жастағы қызды зорлап, азаптап өлтірген жетісулық зорлықшыға сот үкім шығарды бейнежазбадан алынған кадр

Өрімдей қызды қасақана өлтіргенін мойындағаны үшін қаскөйге ауыр жаза арқалады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысында 20 жастағы қызды зорлап, азаптап өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Аталған жайтты “Информбюро” жаңалықтар қызметі жеткізді.

Жәбірленуші тарап пен прокурор айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда, судья 25 жыл жаза кесті. Өрімдей қызды қасақана өлтірген қаскөй өз кінәсін толық мойындады.

«4 бап бойынша айыпталып отыр. Осы 4 бап бойынша сот үкімі шығарылды. Марипов бұрын сотталған. Бірнеше рет қылмыстың қайталануы бар. Сол себепті оған 25 жылға жаза тағайындалды. Оның алғашқы 5 жылын толық қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады», – деп мәлімдеді Жетісу облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермаханов.

Тергеу дерегінше, ішімдік алу үшін дүкенге барған Марипов сол маңда бейтаныс бойжеткенді байқап қалып, оны соңынан аңдып, күшпен алып кеткен. Қараусыз ғимаратқа апарып, ауыр зардаптарға әкеп соққан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Содан кейін қылмысын жасыру үшін қызды таспен ұрып өлтіріп, қашып кеткен екен. 

Жәбірленуші тарап үкіммен келіспей, апелляцияға жүгінетінін айтып отыр.

«Сот үкімімен мүлдем келіспеймін. 25 жыл өте аз. Ол қызымды қинап, айуандықпен өлтірген. Паулина өте ақылды, мейірімді, оғаш қылығы жоқ қыз еді. Азғынның кесірінен айрылып қалдым. Апелляцияға беріп үкімді қайта қарауын талап етемін», – деді марқұмның анасы.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік оқиға осыдан бес ай бұрын болған. Із-түссіз жоғалып кеткен Паулина Ткаченконы Балпық би ауылының тұрғындары күні-түні іздеген еді. Тек 2 күннен кейін қыздың мәйіті табылған болатын.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды