Назарбаевтардың кеңсесі болған ғимарат 1,5 миллиард теңгеге аукционға қойылмақ

08.12.2024, 12:27
641
Назарбаевтардың кеңсесі болған ғимарат 1,5 миллиард теңгеге аукционға қойылмақ 2Gis навигаторы

Бастапқы баға – 1 миллиард 549 миллион 542 мың 736 теңге деп белгіленген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда бұрын Болат Назарбаевқа тиесілі болған бірнеше компания тіркелген әкімшілік ғимарат 11 желтоқсанда аукционға қойылады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Қазір бұл ғимарат «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-на тиесілі.

Айналасы саябақпен, көгілдір шыршалармен және 20 көлікке арналған тұрақпен қоршалған қызғылт сары ғимарат Алматы қаласы Бостандық ауданында Байтұрсынов көшесі 104А мекенжайында орналасқан.

Алдағы аукцион туралы хабарламада, бұл ғимаратты сату бойынша аукцион 11 желтоқсанда мемлекеттік мүлік тізілімінің сайтында өтетіні айтылған. 

Бастапқы баға – 1 миллиард 549 миллион 542 мың 736 теңге.

Фото: 2Gis навигаторы

Ғимарат осы жылдың тамыз айында аукционға қойылған, бірақ оны сатып алушы табылмады.

Одан кейін Bes.media ондағы үй-жайды жалға алу шаршы метрі 16 мың 500 теңге тұратынын жазды.

CMN осы жылдың сәуір айында ғимараттың Назарбаевтар отбасына қатысты екенін жазған. 

Басылымның мәліметінше, Байтұрсынов 104А мекенжайындағы үй-жайда бұрын Болат Назарбаев пен оның ұлы Нұрбол Назарбаевтың компаниялары – «BN InvestCapital» ЖШС және «Үш Қоңыр Инвест Корпорациясы» ЖШС кеңселері болған.

Сонымен қатар, Infostats.co мердігерді тексеру сайтының мәліметі бойынша, Муз-ТВ Қазақстан компаниясы (қазір таратылған) Болат Назарбаевтың тағы бір ұлы Данияр Назарбаевқа тиесілі. 

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр