«Сегіз айынан бастап үйреттік»: 4 тіл білетін 5 жасар қыз тағы бір тілді үйренуге кіріскен (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
08.12.2024, 15:49
414
«Сегіз айынан бастап үйреттік»: 4 тіл білетін 5 жасар қыз тағы бір тілді үйренуге кіріскен (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Бес жастағы Айша қазақ тілінен бөлек, орыс, ағылшын және қытай тілдерін жетік біледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бес жастағы Айша Мергенқызы қазақ, орыс, қытай және ағылшын тілдерінде сөйлей алады. Кішкентай полиглот Таңшолпан бағдарламасында қонақта болып, әлеуметтік желілерде елді сүйсінтті. 

Айшаның ата-анасы оған сегіз айлығында тіл үйрете бастаған. Зерек қыз жылда бір тіл үйренеді. Анасы Мадинаның айтуынша, Айша кішкентайынан жаңа ақпаратты тез қабылдайды. Енді ол араб тілін оқып жүр.

«Сегіз айлық кезінде күнде жәйлап ағылшын тілін қосып отырдық. Көп емес, 20-30 минут қана уақыт бөлдім. Күнделікті әрекетті автоматизмге жеткіздік. Екі жастан бастап орыс тілін қостық. Үш жас он ай кезінде біз Қытайға көштік. Сол жерде қытай балаларымен ойнап жүрді», - дейді Мадина Даниярқызы. 

Оның айтуынша, бес жасқа дейін балаларда шет тілі деген ұғым болмайды – кез келген тілді тез меңгере алады.

«Жұрттар бала шатасып кетеді деп қорқады. Ол – миф. Бала шатаспайды. Ғылым дәлелдеген. Сол туралы зерттеулер бар», - дейді анасы. 

Айша өнерге де жақын. Болашақта актриса болуды армандайды.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды