«Жансақтау бөліміне түсіп, одан аман алып қалған едік…»: Роза Бағланованың қайтыс болар алдындағы соңғы тілегі жайлы келіні айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
08.12.2024, 16:32
7181
«Жансақтау бөліміне түсіп, одан аман алып қалған едік…»: Роза Бағланованың қайтыс болар алдындағы соңғы тілегі жайлы келіні айтып берді жеке мұрағатынан

Мама кетер кезде үш күн бойы түс көрдім, сол түсімнен кейін мама өмірден озды дейді Мерей Бағланова.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, халықтың жүрегінен ойып тұрып орын алған Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова KAZ.NUR.KZ сайтына берген сұхбатында енесінің жеке өмірі туралы айтып берген.

Ол журналистің «Ене мен келіннің, яғни Роза Тәжібайқызымен соңғы диалог есіңізде ме?» деген сұрағына жауап берді.

«Соңғы диалог... Ауруханаға бара жаттық. Ол кісінің өкпесіне жиі су жиналып қалатын. Ол кісіде түрлі сырқат болды ғой. Қант диабеті, қан қысымы көтерілді. Өте қиын болды. Соңғы рет көлікпен ауруханаға қарай бара жаттық. Сол кезде әтірлер сататын дүкенді көрсетіп, «Ауруханадан шыққан соң екеуміз бір хош иісті әтір сатып алайықшы» деді. Мен сөзін құптады. «Ой, шіркін екеуміз бірге Францияға барсақ қой» деді. 

Солай мені шетелге апарсам, киім алып берсем деп армандайтын. Ауруханаға бара жатқандағы дәл осы әңгіме есімде қалды. Бір қызығы, ол кісі ернін бояғанда айнаға қарамай, түп-түзу бояйтын. Сосын менен сұрайтын. «Ой, мама, супер» дедім. «Менде стаж бар ғой, стаж» деп күлді.

Содан ауруханаға жатты, одан кейін дұрыс сөйлескен жоқпыз. Реанимацияға түсті. Қайтыс болардан бір күн бұрын бардым, есін жиды. Көзінен жасы ағып, қолымды қысып, «Жылама» деді. Оның алдында үш рет жансақтау бөліміне түсіп, аман алып қалған едік. Мама кетер кезде үш күн бойы түс көрдім, сол түсімнен кейін мама өмірден озды. Бірақ ауруханаға өз аяғымен барды», – дейді ол.

Сондай-ақ ол енесі қайтыс болғаннан кейін 40 күн бойы кітап жазғанын айтты. 

«Білесіз бе, мама өмірден озғанда мен кітап жазуды бастағанмын. Мама қайтқан сәттен бастап 40 күн бойы кітап жаздым. Содан кейін оны жаптым да қоя салдым. Білмеймін, әрі қарай жаза алмадым.

Осы жақында ғана, бір ай бұрын сол кітапты қайта жалғастырсам ба деп ойлана бастадым. Психологқа бардым, сол психологтың көмегі шығар. Қайта шабыттандым. «Өткенді есіңе алғың келмейді» дейді. Кітапты ашамын, қайта жылаймын. Енді сол кітапты қолға аламын. Ол кітапта ене мен келіннің қарым-қатынасы, жалпы бір-бірімізді көрген күннен бастап соңғы күнге дейінгі өмір жолы баяндалады», – дейді ол.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды