SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы бірқатар концертінен кейін отбасымен Италияға демалуға аттанды. Өнер иесі саяхаты қалай өтіп жатқанын әлеуметтік желіде көрсетті.
Заттыбек Көпбосынұлы жақында дүркіретіп 50 жасын атап өтіп, елімізде бірқатар концерт берді. Өнер иесі жоспарланған шаралардан кейін отбасын алып, Италия еліне демалуға аттанды. Бұл туралы әншінің Instagram-дағы парақшасынан белгілі болды.
Заттыбек Көпбосынұлы көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп, әйелі мен бала-шағасымен Италияның әсем жерлерін аралап жүрген сәтінен фото мен видео жариялады. Жұлдызды жанұя алдымен ел астанасы Рим қаласына барған. Одан кейін Генуя мен Палермо қалаларын аралап, тарихи Ватиканға да соққан.
Шоу-бизнес жұлдызы бұл сапарға тек жанұясымен ғана емес, өнердегі достарымен де барған.