«Өзіне қол салған болуы мүмкін»: Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев өлі күйде табылды

09.12.2024, 09:13
2721
«Өзіне қол салған болуы мүмкін»: Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев өлі күйде табылды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Шерзаттың отбасы қазаны растады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғар қаласы маңынан 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

«Ақпараттарға сәйкес, ол өз өзіне қол салған. Марқұм биыл 4 қазанда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында криминалдық спаттағы қандай да бір іс-әрекеттер анықталмады«, – делінген хабарда. 

Полиция мәліметінше, марқұм Шерзат Болаттың отбасы полиция күзетінде болған. 

«Осы уақытқа дейін отбасына қандай да бір қоқан-лоқы жасау дерегі тіркелмеді. Күзет қызметіндегі қызметкерлердің түсініктемесі бойынша ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кетіп қалған. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген хабарда. 

Бұл ретте полиция өкілдері қосымша ақпараттар берілетінін айтып, азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Сондай-ақ Шерзаттың отбасына құқықтық көмек беріп жүрген адвокаттар да қаза болған адамның Нұрғанат Ғайыпбаев екенін растады. Бұл туралы олар ресми парақшада мәлімдеді. Мәлімдемеде құқық қорғаушылар алдағы уақытта бұл іске қатысты ресми деректерді жариялап отыратындарын да жеткізді.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды