Жыл басталғалы инспекторлар 50,5 мыңнан астам жұмысшының жалақысын алып берген

09.12.2024, 09:45
577
Жыл басталғалы инспекторлар 50,5 мыңнан астам жұмысшының жалақысын алып берген SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қанша жұмыскердің құқығын қорғады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 1 желтоқсанға дейінгі деректерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 277 кәсіпорны 18,7 мың жұмыскерге 4,4 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтаған. Сонымен қатар түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,5 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуын анықтаған.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 249 ұйғарым берілді және 50,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,5 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 3,4 млрд теңге төленді.

Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 039 тексеру жүргізді, оның барысында 7 583 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 5 723; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 793; халықты жұмыспен қамту бойынша – 67.

Жұмыс берушілерге 2 998 ұйғарым беріліп, 371 млн теңге сомасына 3 359 әкімшілік айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 33 мыңнан аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді