Елімізде бастық та, астық та көп

09.12.2024, 10:25
12111
Елімізде бастық та, астық та көп pixelshot

Қазақстан жыл сайын астықты молынан жинайды. Содан болар, шетелге өткізуге де мүмкіндік бар. Мәселен, биыл 12 млн тонна астықты экспортқа шығарады екенбіз. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің жауабында айтылды.

«Бүгінде астық тасымалдауға шамамен 11,8 мың астық тасымалдағыш пен 16 мың жабық вагон жұмылдырылған. Қолданыстағы парк астық тасымалдау қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық бағытта астық жүктерімен вагондардың нормативтік айналымы қамтамасыз етілген. Биыл астық экспортының әлеуеті 12 млн тонна деңгейінде болжанып отыр», - деді вице-премьер жауабында.

Белгілі болғандай, биыл 11 айдың қорытындысында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 9,2 млн тонна астық жүгін тасымалдады.

«Оның 2,2 млн тоннасы ішкі бағыттар бойынша болса, 7 млн тоннасы экспортқа жіберілді. Жаңа егін экспорты (қыркүйек-қараша) 2 млн 871 мың тоннаны құрады. Бұл 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда (1 млн 907 тонна) 51 пайызға жоғары», - деді Серік Жұманғарин.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды