6188

«Әлі қырқы да өткен жоқ»: Жақында туған әпкесі қайтыс болған Майғазиев тойға барамын деп, сөз естіді

40 күндігін өткізіп шығу керек деп қатаң сөкті жұрт.

«Әлі қырқы да өткен жоқ»: Жақында туған әпкесі қайтыс болған Майғазиев тойға барамын деп, сөз естіді
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Музарт тобының әншісі, мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиев тойға барып, оқырмандарының сынына ұшырады.

Жақында ғана әнші 66 жастағы әпкесінің кеше жер қойнына тапсырылғанын жеткізген еді. Айтуынша, марқұм Қордабайқызы Айтгүл үйдің тұңғыш перзенті болған.

“Екінші қызымыз Мәриямның кіндік әке-шешесі, досымыз Серікзат Дүйсенғазының 50 жасына келіп қалдық. Той да, шығармашылық кеш те керемет өтті. Сәкең мен Айнұр – біздің отбасылық достарымыз. Амандықта жолығайық! Жақсы күндер көп болсын”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары өнер иесінің іс-әрекетін сөз етіп, сынға алды. 

“Жақында ғана әпкесі қайтқан жоқ па, неге той тойлап жүр”, “Бұл әруақ сыйламағанмен бірдей”, “40 күндігін өткізіп шығу керек”, “Той-томалаққа әзір бармағаны дұрыс еді”, – деп жазды оқырман қауым. 

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор