Қыста көкөністен қысылмаймыз ба?

09.12.2024, 14:21
4072
Қыста көкөністен қысылмаймыз ба? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте 11 айдағы инфляция қорытындылары мен 2024 жылғы болжамдар қаралды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қараша айында азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 0,7%, ақылы қызметтердің баға индексі – 0,8%, азық-түлік өнімдері – 1,1% болды. 

Азық-түлік инфляциясын тежеу үшін аймақтарда көкөніс қорлары пайдаланылабастады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 159,6 мың тонна көкөніс қорының 13,4 мың тоннасы сатылды. Ең көп сатылғаны – картоп (7,2 мың тонна), сәбіз – 2,1 мың тонна, пияз – 2,2 мың тонна, қырыққабат – 1,7 мың тонна.

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне аймақтармен бірлесіп, негізгі азық-түлік өнімдерінің, соның ішінде жылыжайда өсірілген көкөністердің бағасын тұрақтандырып, жаңа жыл қарсаңында олардың жеткілікті мөлшерде сауда сөрелерінде болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Тұрақтандыру қорларында осы уақытқа дейін жинақталған азық-түлік қорын өңір нарықтарына жеткізу және оны ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы сатылымға шығару тұрғындарды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге әрі көкөніс және басқа өнімдерді қолжетімді бағада сатуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар жаңа жыл алдындағы негізгі азық-түлік өнімдері бағасының күрт өсуін тежеуге бағытталған.

«Болашақ палуан»: Қозыны 30 рет көтеріп тұрған маңғыстаулық бүлдіршін жұртты тәнті етті (видео) Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған әншіге айыппұл салынды «Миллион ақша салса да, елене алмай жүр»: Гүлзира Айдарбекова танымалдыққа қатысты пікір білдірді «Бала сүйе алмайтынымды әйеліме бір ай бойы айта алмадым»: «Мақсат пен Мақсат» тобының әншісі жан сырын ақтарды (ВИДЕО) Енді eGov арқылы жеке дерегің тарап кеткенін білуге болады Наурыз мейрамы қарсаңында үшем босанған көпбалалы ана перзентханадан шықты Астанадағы элиталық тұрғын үй маңынан жас жігіттің денесі табылды Арғын Нығматулин қылмыстық іс қозғалғанға дейін елден кетіп қалғаны белгілі болды «Қазақпын, бірақ отаным – Ресей»: Ресейге жеңіс сыйлаған әлем чемпионы Салтанат Меденова мәлімдеме жасады Меруерт Түсіпбаева бірнеше жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайына алаңдады «Балалармен қатынасқа түскенін түсірген»: Қарағандыда туған қыздарын жыныстық құлдыққа сатқан аналар ұсталды «Сотқа қатысудан бас тартты»: Айтбек Амангелді Шерзаттың отбасы айтқан мәлімдемеге жауап берді «Бишімбаевтың әйелінің тағдырын қайталағым келмейді»: Ақтөбеде күйеуінің қолынан көз жұмған келіншектің хаты жарияланды Шерзаттың отбасы 5 банктен алған несиелері кешірілген Депутат Қазақстанда «күлкі шақыратын шарларға» тыйым салуды ұсынды Психдиспансерде санитарлар 17 жастағы емделуші қызды зорлаған «Дәрілерін мүлде ішпеген»: Журналист құлдықта болған қыздар жайлы сұмдық ақпарат айтты Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған 25 адам өмір бойына сотталды «YouTube, X, TikTok, Instagram»: Түркия бірнеше танымал платформаны қолдануға шектеу қойды Шольц пен Макрон алдағы уақытта да Украинаға әскери көмек көрсетуге уәде берді