2156

Нұрғанаттың өлімі: Шерзаттың әкесі марқұмның өзіне қол салғанына сенбейтінін айтты (ВИДЕО)

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов інісінің өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін айтты.

Нұрғанаттың өлімі: Шерзаттың әкесі марқұмның өзіне қол салғанына сенбейтінін айтты (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 желтоқсанда Талғар қаласының шет жағынан марқұм Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды.

Полиция мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Алайда ағасы Қаржаубай Нұрымов суицид жасағанына сенбейтінін жеткізді. 

Азаттық сайтының мәліметінше, Қаржаубай Нұрымов ұлының бейіт басында жүрген. Інісі Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті де осы маңнан табылыпты. 

«Төменге барып, отырып өліп қалған. Үй жақта да осындай ағаштар жетеді ғой. Бұл жерден төмен қарай 7-8 метр шығады. Бұл жерден сау адам түсе алмайды. Мынадан түсетін болсаң аяғың сынады», – дейді Нұрымов. 

Сондай-ақ Нұрымов желіде тараған хабарламаның өзіне жазылғанын растады. 

“Маған жазған. Бүгін құпия тергеу жүргізілетін болған соң, ешқайда жібермейміз деп айтқан”, – дейді ол. 

Қаржаубай Нұрымов "інісін суицид жасауға итермеледі" деп санайды.

"Нұрғанат өлетіндей бала емес еді. Інімнің өліміне қатысты әділ тергеу жүруі керек деп ойлаймын”, – дейді Нұрымов. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор