Басы қатты «істейтін» әкімдіктің бас маманы: Есірткі сақтап, пара алған

09.12.2024, 15:26
709
Басы қатты «істейтін» әкімдіктің бас маманы: Есірткі сақтап, пара алған жеке мұрағатынан

Астана қаласы әкімдігінің Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының еңбек қатынастары бөлімінің бас маманы Т. пара алған және ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін сотталды. Үкіммен келіспеген сотталушы апелляциялық шағым түсірген болатын.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 2024 жылғы 24 қазанда Астана қаласы әкімдігінің Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының еңбек қатынастары бөлімінің бас маманы Т.-ға 15 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі үкім шығарды.

Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі (пара алу), сондай-ақ 296-бабының 3-бөлігі бойынша (ірі мөлшердегі психотроптық заттың аналогы меткатинонды (эфедронды) заңсыз иемденген және сақтаған) кінәлі деп танылды. 

Сонымен қатар «М» ЖШС директоры Г. Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігі бойынша лауазымды тұлғаға ірі мөлшерде пара бергені үшін сотталып, 6,6 млн теңге сомасында айыппұл салынды. 

«Сондай-ақ сотталғандарға мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды. Сот Т.-ның еңбек қатынастары бөлімінің бас маманы, яғни мемлекеттік еңбек инспектор бола отырып, «М» ЖШС-ға қатысты бұрынғы жұмыскшысының шағымы бойынша тексеріс жүргізбегені және жауапкершілікке тартпағаны үшін «М» ЖШС-нің директоры Г.-дан 250 мың теңге пара алғаны анықталды», - делінген елорда соты шығарған үкімде. 

Бұдан бөлек, Т. 2024 жылғы шілдеде Астана қаласында салмағы 0,08 грамм (ірі мөлшер) меткатинон (эфедрон) психотроптық затының аналогын заңсыз сатып алып, заңсыз сақтаған.

«Сотталған Т.-ның адвокаты үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіріп, тағайындалған айыппұлдың мөлшерін азайтуды сұрады. Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен тағайындалған жаза Қылмыстық кодекстің жалпы бөлігінің талаптарына сәйкес келетіндіктен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды», - деп хабарлайды елорда сотының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енді. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды