Астанада 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталған Болат Мажағұловтың соты басталды

09.12.2024, 16:04
14134
Астанада 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталған Болат Мажағұловтың соты басталды жеке мұрағатынан

Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажагұлов пен мердігер ұйымның өкіліне қатысты сот ісі басталды. Олар 1 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деп күдікке ілінген. Бұл қылмыс Есіл өзенінде орналасқан "Күн" фонтанының құрылысымен байланысты. Ол 2017 жылдан бері жарамсыз күйде тұр және жұмыс істемейді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қаржыны жымқырды деп күдікке ілінген мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажагұловтың соты басталды.

"Nege Aqsha" тelegram-арнасының мәліметінше, фонтан жобалық-сметалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамасыз салынған. Құрылыс кезінде сапасыз материалдар қолданылып, олар техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеген. Мажағұловпен бірге сот алдында Мади Қанапин де тұр. Ол сыбайлас ретінде айыпталып жатыр. Сонымен қатар оның атымен бірқатар компаниялардың басшысы ретінде тіркелген тұлға бар.

Мажағұловтың қорғаушылары оның қамауда ұстау шарасын үйқамаққа немесе келу міндеттемесіне ауыстыруды сұрады. Алайда прокурор мен басқа айыпталушының қорғаушысы бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды талап етті.

"Себебі Мажағұлов Б.Б. ауыр қылмыс бойынша айыпталып, ал Қанапин М.С. қылмыс жасауға көмектескені үшін айыпталып отыр. Сонымен қатар Мажағұлов Б.Б. тергеу кезінде қашып кетуге әрекеттенген. Ол тергеушімен бетпе-бет кездесуге келмеген және шетелге ұшуға билет алған", – деп хабарланды.

Айта кетейік, айыптау актісі жарияланғаннан кейін айыпталушылар өз кінәсін мойындаған жоқ. Сонымен қатар Болат Мажагұловтың мүлкіне, соның ішінде Астанадағы 3 коммерциялық ғимарат, 2 автотұрақ орындары және премиум класты пәтеріне тыйым салынды.

Еске салайық, бұған дейін қыркүйек айында Мажағұловтың тұтқындалғаны туралы жаңалықтан кейін Астананың қоғамдық кеңесінің мүшесі Қанат Алин "Күн" фонтанын бұзуды ұсынған еді. Алин фонтанның құрылысында бірнеше рет қала әкімдігіне құрылыс талаптарының бұзылғанын айтып ескерткенін мәлімдеді. Өз кезегінде, Астананың экология және табиғатты пайдалану басқармасының орынбасары Самат Абдуллин фонтаны жақын арада бұзу мүмкін емес екенін айтты. Себебі ол қылмыстық іс бойынша заттай дәлел ретінде танылған.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды