Кинодағыдай: Таксишіні пышақтаған әйелдің жазасы қандай?

09.12.2024, 17:56
675
Кинодағыдай: Таксишіні пышақтаған әйелдің жазасы қандай? pik.ua

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының сотында такси жүргізушісіне пышақ жарақатын салған әйелге қатысты іс қаралды.

Іс «Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша қаралды.

Зардап шеккен такси жүргізушісі кәмелетке толмаған баласымен жолда тұрған әйелді алып кеткен, ол Лисаковск қаласына жеткізіп тастауды сұраған. Жолаушы салонда электрон темекі шеге бастағанда, жүргізуші ескерту жасап, көлігінде шылым шегуге тыйым салынғанын айтқан. Әйел бұл тыйымға ашуланып, пакетінен ас үй пышағын алып, таксистің мойнына жарақат салған. Жараланған ер адам кенеттен тежегішті басып тоқтаған, ал жолаушы алға ұмтылып, оған тағы бір рет пышақпен соққы жасамақ болған.

Шабуыл нәтижесінде жүргізуші мойнының сол жағынан кесілген жарақат алды.

Үкім шығар алдында прокурор соттан айыпталушыға 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу және алкоголизмнен мәжбүрлі емдеу жазасын тағайындауды сұрады.

Сот айыпталушының шын жүректен өкінуін жеңілдететін жағдай ретінде, ал маскүйінде болғанын ауырлататын жағдай ретінде ескеріп, оған 1,5 жылға бостандығын шектеу және жазаны өтеу мерзімі ішінде пробациялық бақылау белгілеу жазасын тағайындады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді