«Аяғы жерге тиіп, бүктеліп отырған»: Шерзаттың әкесі бауыры Нұрғанат көз жұмған жерді көрсетті (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
09.12.2024, 19:39
4274
«Аяғы жерге тиіп, бүктеліп отырған»: Шерзаттың әкесі бауыры Нұрғанат көз жұмған жерді көрсетті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Мойнына сым байланып, отырған күйі қайтыс болып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 желтоқсанда Талғар қаласының шет жағынан марқұм Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды. Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов інісі көз жұмған жерді видеоға түсіріп, оны қалай тауып алғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Қаржаубай Нұрымов інісінің мәйітін өзі тапқан. Оның оқиға орнының көрсеткен видеосы желіде тарады. Нұрымовтың сөзінше, інісі көлігін оталған күйі тастап кетіп, оқиға орнына дейін жаяу барған.

"Бір кісілер көлікті көріп, осы жерде деп айтқаннан кейін бейіттің басына келдік. Келгенімізде көліктің есігі ашық еді, ішінде екі телефон бар. Оталып тұрған сияқты, нақты есімде емес. Осы жерден қардың үстіндегі жалғыз іздің артынан жүрдік. Жардан түсіп, төмен тас жолға қарай жүреді. Мына жерден адамның түсуі қиын. Жардан түсіп, 500-700 метр тас жолға қарай жақындайды. Іздің артына түсіп барғанымызда трассаға жете салған жерде бауырым отыр, жан тапсырған”, – дейді Қаржаубай Нұрымов. 

Қаржаубай Нұрымов інісінің екі аяғы жерге тиіп, еркін отырғанын айтты.

"Екі жағы мұсылмандар мен христяндардың бейіті. Екі таудың ортасымен жүреді де, түнде жалғыз өзі. Тас жолға жақындап қалған жерде бетонның артында екі аяғы жерге тиіп, бүктеліп отырған күйінде табылды. Мойнында сым байланған. Жарықшамы бар сым бұтаққа байланған. Бірақ ол еркін отыр. Мойнының бір жағында ғана із байқалды. Табылған жердің жанында ғана көлік өтетін жол тұр. Бірақ ол көлігін тау жаққа есігін ашып қалдырып, осы жерге дейін жаяу келген. Менің шындығым осы”, – дейді Қаржаубай Нұрымов.

Еске салсақ, осыған дейін Талғардың шетінен Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылғаны туралы жазған едік. Полицейлердің мәліметінше, 30 жастағы ер адам асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті