«12 жастағы ұлым етеккір туралы сұрады»: Роза коуч жыныстық тәрбиеге қатысты ойын бөлісті

Аиса Махамбет Редактор
09.12.2024, 20:10
826
«12 жастағы ұлым етеккір туралы сұрады»: Роза коуч жыныстық тәрбиеге қатысты ойын бөлісті бейнежазбадан алынған кадр

Қыздардың киімдері былғанғанын көрсең, мазақтама деп ескерттім дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі блогер, коуч Роза Әшірбаева жыныстық тәрбиеге қатысты жеке көзқарасын білдірді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Желі жұлдызы кіші ұлының сұрағынан тосылып қалғанын “Мамский әңгіме” подкастында жасырмады. 

“Жалпы, екі ұлыммен де ашық сөйлесеміз. Бірақ кіші ұлым менен етеккір туралы сұрады. Оған менің бастан-аяқ түсіндіргенім – жыныстық тәрбиеге қосқан үлесім деп ойлаймын. Ұлым негізі бәрін біледі. Менен тек емтихан алғысы келді. Егер осы сұрақты қойсам, анам қалай жауап береді екен деп сынады. Мен оған ұрсып тастаған жоқпын. Шай ішіп отырғанда ұлым келіп, сұрағын бетіме тіке қойды. "Мама, етеккір деген не?" деп сұрады. Ондай сұрақтың қоятынын білдім. Бірақ дәл осындай ерте болады деп ойлаған жоқпын. Ұлым ол кезде 12 жаста болатын. "О, қызық сұрақ екен. Планшетіңді әкел, мен саған түсіндіремін” дедім. Видео арқылы анықтап, бәрін көрсеттім”, – деді блогер.

Ол сөзін жалғай отырып, ұлына ондай кезде қыздарды мазақтап, күлуге болмайтынын да ескерткен. 

"YouTube-та арнайы видеолар бар. Ол жерде циклдің қалай өтетіні көрсетілген. Бәрін анимациялық түрде көрсетіп, қан осыдан шығады дедім. Кейде мектепте, кейде үйірмеге барған кезде қыздардың киімдері былғанған болса, мазақтамайсың, күлмейсің. Тек көмектесесің. Дәретханаға алып барасың, түсіндіресің. Егер мазақтайтын болсаң, жазаңды беремін" дедім. Ұлым түсінгендей болды, – дейді Роза Әшірбаева.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды