Ұландық қызметші халықаралық ән байқауында жүлделі орын алды

10.12.2024, 09:36
384
Ұландық қызметші халықаралық ән байқауында жүлделі орын алды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Мәскеуде өткен халықаралық «Романсиада-2024» ән байқауында Ұлттық ұлан қызметшісі Асқар Рысбек жүлделі ІІ орын иеленді.

1996 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылатын ән байқауында әлемнің сегізден астам мемлекетінен келген қатысушылар бақ сынады. Солардың ішінен оза шауып, жүлделі орын еншілегендер қатарында Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінің қызметшісі Асқар Рысбек да бар. Еліміздің абыройын асқақтатып, өз өнерімен күллі жұртты сүйсіндірген азамат әскери бөлімдегі мәдени-демалыс орталығының «Генерал» тобының жас әншісі.

Байқауда дарынды орындаушылар классикалық романс жанрындағы шығармаларды орындап, өнерсүйер қауым мен қазылар алқасын өз шеберліктерімен тәнті етті. Асқар Рысбек өзінің ерекше даусымен, сахналық шеберлігімен көзге түсіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

- Шығармашылық жолымда мені қолдағандардың барлығына терең ризашылығымды білдіремін. Әсіресе Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Ансаған Балтабековке сенім мен қолдау көрсеткені үшін  алғысым шексіз. Мен бұл жеңіс менің жеке еңбегім ғана емес, сонымен қатар біздің әскери бөлімнің мәдени – демалыс орталығы ұжымының бірлескен жұмысының нәтижесі екенін түсінемін,-деді өз ойымен бөліскен ұландық.

Айта кетсек, Рысбек Асқар - халықаралық республикалық байқаулардың лауреаты. Ресейдің Челябинск қаласында өткен «Орфей» халықаралық конкурсының және Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен VIII«Среднеазиатская романсиада» конкурсының жеңімпазы.

Асқар Рысбектің халықаралық байқаудағы жеңісі - бұл талант, табандылық және музыкаға деген сүйіспеншіліктің үлкен жетістіктерге жетелеуінің жарқын көрінісі.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды