Тұрғын үй көп салынады, мұқтаждарға бұйыра ма?

10.12.2024, 10:36
567
Тұрғын үй көп салынады, мұқтаждарға бұйыра ма? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Елімізде баспанасыз жүрген жастар аз емес. Тіпті, егде жасқа жеткендердің өзі енді үйлі болып жатқаны рас.

Бұл ретте, биыл тұрғын үй құрылысын ынталандыруға шамамен 965 млрд теңге қаражат бөлу жоспарланған. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді. 

«Салаға инвестицияны қарқынды тарту үшін Үкімет тұрғын үй құрылысын ынталандыру бойынша бірқатар шара қабылдады. Биыл бұл мақсатқа шамамен 965 млрд теңге қаражат жоспарланған. Бұл 160 000 астам азаматты 41 000 жаңа баспанамен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осал топтарға қол жетімді құралдарды ұсынуға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Биыл мемлекеттік қаражат есебінен 22 мыңнан астам жалдамалы пәтер сатып алу үшін, 336 миллиардқа жуық теңге қарастырылды», — деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында. 

Министрдің мәлімдеуінше, жыл соңына дейін 165 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы 10 000 астам кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. 

— Бүгінгі күні, аталған пәтерлер бойынша 2-5% жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы 7861 несие берілген. Тұрғылықты аудандарына инженерлік желілерді тартуға 83 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 34 млрд теңгесі, 21,2 мыңнан астам жер телімін инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Биыл мамырдан бастап, «Наурыз» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында осы жылы 300 млрд теңгеге 12 000 ипотекалық несие беру жоспарлануда. Қазір шамамен 172,4 млрд теңгеге 6628 несие берілді, — деді ол.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді