Келесі жылдан бастап «Наурыз» бойынша ипотека беру талабы қатаңдатылады: Қандай өзгерістер күтіп тұр?

10.12.2024, 11:00
853
Келесі жылдан бастап «Наурыз» бойынша ипотека беру талабы қатаңдатылады: Қандай өзгерістер күтіп тұр? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Биыл бағдарламаға қатысқандардың көбінде депозиттегі ақша көлемі тым аз болған көрінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Отбасы банк» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова Үкімет отырысында «Наурыз» бағдарламасына қатысушылардың депозитінде жатуға тиіс минималды соманың көлемін 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін көтеруді ұсынды. Бұл туралы Kazinform жазды.

 — Келесі жылы «Наурыз» бағдарламасына 300 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бағдарламаға қолдау жасау арқылы екі мәселе анықталды. Біріншіден, көптеген сатып алушылар тұрғын үйді дайын күйде алуды қалайды. Өйткені жөндеу жұмыстарының шығындары көбейіп кетеді. Сондықтан барлық тұрғын құрылыс компанияларының қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткіздік. Олар порталға пәтерлерді дайын күйінде қояды. Ал сатып алушылар порталдағы пәтер құнының 10 пайызын салу арқылы алуға келісім береді. Бұл 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі, — деді Ләззат Ибрагимова.

«Отбасы банк» басшысы бағдарламаға өтініш берген 2,5 мың адамның көбінің депозитінде пәтер құнының 30 пайызына жетпейтін ғана ақша жатқан көрінеді.

— Екіншіден, бағдарламаға қатысушының депозитінде тек 1 млн теңге болуы шарт еді. Конкурста жеңген салымшы аз уақыт ішінде пәтер құнының 20 пайызын салуға тиіс. Қазіргі жағдай бойынша 2,5 мыңнан астам өтініштің 39 пайызында 20 пайызды құрайтын жарна бар. Сондықтан келесі жылы бағдарламаға қатысушылардың депозитін 2 млн теңге етіп белгілеуді ұсынамыз. Бұл бағдарламаның жүзеге асуын тездетеді, — деді Ләззат Ибрагимова. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады