«Өзіне қол жұмсағанына сене алмадым»: Айтбек Амангелді Шерзаттың ағасының өліміне қатысты пікір білдірді

10.12.2024, 13:06
1925
«Өзіне қол жұмсағанына сене алмадым»: Айтбек Амангелді Шерзаттың ағасының өліміне қатысты пікір білдірді жеке мұрағатынан

Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді Талғардағы Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанаттың өліміне қатысты пікір білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Айтбек Амангелді Нұрқанаттың отбасына көңіл айтып, марқұмды жеке танығанын атап өтті. 

“Бүгін жаңалықты ести сала Талғарға барып, Нұрқанаттың отбасымен кездестік. Мәйітті күтіп тұрған кезде, өлім туралы медициналық сараптама қортындысын алдық. Сараптамада өлім себебі – асфиксия, қасақана өзін асу, қылқындыру арқылы өзіне залал беру екені көрсетілген. Мен Нұрқанаттың өзіне қол салғаны туралы ақпаратты алғаш естіген кезде, олай болуы мүмкін емес дедім. Өйткені мен онымен қанша уақыттан бері кездесіп, араласып жүрдім. Өмірге құштар, қайғылы оқиғадан кейін енді ғана ашылып, жұмыс істеп келе жатқан адам еді”, – дейді Айтбек Амангелді. 

Сондай-ақ құқық қорғаушы Нұрқанаттың барлығы аяқталған соң Кореяға жұмысқа кетуді жоспарлап жүргенін де айтты. Айтбектің айтуынша, Нұрқанаттың артында азаматтық некедегі әйелі қалды. 

“Нұрқанаттың үйіне барғанда Алматы облысының прокурорымен кездестік. Ол медициналық сараптама қорытындысында өлім себебі өзіне қол салу болып көрсетілсе де, “өзіне қол жұмсауға жеткізу” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Кеше олардың үйінде туған күн болған, барлығы бірге отырып кешкі ас ішкен. Сосын Нұрқанат өз бөлмесіне кіріп, телефонға қарап отырған. Кейін көңіл-күйі болмай, үйден шығып кеткен. Ешкімге ештеңе айтпаған. Ал соңғы хабарламаларды жаза бастаған кезінде, отбасы бірдеңе дұрыс емес екенін сезіп, оны іздей бастаған”, – дейді құқық қорғаушы. 

Айтбек Амангелді Нұрқанаттың әлеуметтік желіде көптеген хейтерлері болғанын атап өтті. Шерзаттың өліміне күдіктілердің туыстары да барлығына Нұрқанатты кінәлап, оны “маскүнем” деп атаған екен. 

“Біз Нұрқанаттың осындай жағдайға жетуіне осы оқиғалардың барлығы, сондай-ақ Нұрқанатқа жала жауып, шабуыл жасаған тұлғалар себеп болды деп ойлаймыз. Бұл туралы прокурор Берік Адамовпен де сөйлестік”, – дейді Айтбек Амангелді. 

Еске салсақ, осыған дейін Талғардың шетінен Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылғаны туралы жазған едік. Полицияның мәліметінше, 30 жастағы ер адам асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады