Мен алдандым: «Астана» мен «Челси» кездесуіне 30 мың теңгеге билет алғандар өкініп жатыр

10.12.2024, 14:33
683
Мен алдандым: «Астана» мен «Челси» кездесуіне 30 мың теңгеге билет алғандар өкініп жатыр pixabay.com / alessandra1barbieri

12 желтоқсан күні сағат 20:30-да Алматы қаласының Орталық стадионында UEFA Конференция лигасы аясында қазақстандықтар асыға күткен «Астана» мен азулы «Челси» командаларының кездесуі өтеді. Ағылшындық жұлдыздарды көруге ниеттенген жанкүйерлер 30 мың теңгеге дейін билет алып, ойынды асыға күтіп жүрген-ді.

Алайда, кездесу жақындай бергенде «Челси» командасының басшылығы жұлдызды ойыншыларды алаңға шығармай, жұртшылық аса тани бермейтін жастарға сенім артатынын мәлімдеді.

УЕФА сайтындағы жаңартылған өтінімге қазірдің өзінде 11 тәрбиеленуші еніп отыр: Харрисон Мюррей-Кэмпбелл, Кайден Уилсон, Тайрик Джордж, Киано Дайер,Харрисон МакМахон, Сэмюэль Рак-Саки, Ато Ампах, Макс Меррик, Джош Ачемпонг, Шумайра Мхука және Ричард Олис.

Ағылшындар жас таланттармен де «Астананы» ұтатынына сенімді сияқты. Олар Алматыға ұзақ уақыт сапарлап келетінін ескерсек, клуб басшылығы тәжірибелі ойыншыларды тынықтырып, алдағы маңызды ойындарға сақтап отыр десек те болады.

Қымбат билет сатып алған қазақстандық жанкүйерлерді түсінуге болады. Десе де, мұндай маңызды кездесуде билеттің құнына емес, ұлттық рухқа мән беріп, сүйікті команданы барынша қолдаған дұрыс сияқты.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды