Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынына 3 алтын түсті

10.12.2024, 15:30
785
Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынына 3 алтын түсті SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасында финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

Ел намысын алғашқы болып Виктория Графеева қорғап, рингке шықты.

В.Графеева 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық Цяньге Лимен қолғап түйістірді.Бірінші раундта Виктория соққыларын барынша дарыта білді. Төрешілер есебі 4:1 болды. Екінші кезеңде қарсыласын тықсыра түсті – 5:0. Қорытынды есеп те – 5:0. Осылайша, Виктория Графеева қазақстандықтардан алғашқы болып алтын алды. 

Кейін Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақта вьетнамдық Линх Ха Тхимен шеберлік байқасты. Бірінші кезеңде Аида ширақ қимылдап, алға ұмтылған қарсыласын соққымен күтіп алып отырды – 5:0. Екінші раундта да жекпе-жек барысы өзгере қойған жоқ – 4:1. Үшінші кезеңде вьетнамдық боксшы басым болғанымен, қорытынды нәтиже 5:0 болды. Осылайша, Аида Әбікеева Қазақстан қоржынына екінші алтынды түсірді.

Бұдан кейін шаршы алаңға Наталья Богданова шықты. Н.Богдановаға 70 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңның иесі Байсон Маниконмен жұдырықтасуға тура келді.Бірінші раундта төрешілер түгелдей Натальяның басымдылығын тіркеді. Екіншісінде есеп 3:2 болды. Дегенмен үшінші кезеңде қайтадан 5:0-ге өзгерді. Қорытынды есеп – 5:0, Н.Богданованың пайдасында. Осылайша, Наталья Богданова Қазақстан құрамасына үшінші алтынды әперді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды