Қазақстанда аутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады

10.12.2024, 15:57
355
Қазақстанда аутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады UNI Football League

10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні Астанада «UNI Football League» инклюзивті футбол лигасы секциясының ашық жаттығуы өтті.

Қазақстанда аутизм және Даун синдромы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған «UNI Football League» жұмыс істегеніне бір жылболды. Бұл – 10-18 жас аралығындағы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол жобасы. Оның мақсаты – сапалы спорт бағдарламасына қол жеткізу және ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді футбол арқылы әлеуметтендіру.

Ұйымдастырушылар: «Болашақ» корпоративтік қоры және Қазақстан футбол федерациясы. Демеуші – «Freedom Шапағат» қайырымдылық қоры арқылы Freedom Holding Corp.  

«UNI Football League» жобасы бір жыл бұрын Астанада 2023 жылдың қараша айында «Болашақ» қорының жыл сайынғы Қысқы қайырымдылық балынан түскен қаражатқа басталды. Бүгінгі таңда жобаға Қазақстанның 9 қаласынан Астана, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз, Өскеменнен 111 бала қатысады. Қазіргі уақытта Тараз, Семей және Шымкент қалаларында белсенді түрде командалар құрылып жатыр. Астаналық секцияда 12 баланың ішінде 7-уінде аутизм, 4-еуінде Даун синдромы бар және 1 дамуы қалыпты бала қатысады.

«UNI Football League» секцияларында қатысушылардың ерекшеліктерін есекертін және ойын үшін барынша жайлы жағдайды қамтамасыз ететін жаттығулардың арнайы регламенті жасалды. Жобаның міндеттері: балалар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алатын, жаңа достар таба алатын және әлеуметтікдағдыларын дамыта алатын жағдайлар жасау; денені шынықтыру және координацияны дамыту; ерекше балаларға белсенді және жан-жақты қоғамдық өмір сүруге көмектесу, оларды әлеуметтік және спорттық іс-шараларға қатыстыру.

Жобаға білікті жаттықтырушылар командасы қосылды әр қалада инклюзивті білім беру курстарынан өткен, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар UEFA-ның B, C, D санатындағы жаттықтырушылар.

Іс-шараға ұйымдастырушылар, серіктестер, ЕБбҚ бар балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

«Ерекше балаларға арналған футбол – тек спорт қана емес, тағы бұл өзін-өзі көрсету тәсілі, әлеуетін ашуға, өзіне сенуге және өз жолын табуға мүмкіндік. Бүгін 10 желтоқсанда Дүниежүзілік адам құқықтары күні болғаны да ерекше мән беріп тұрғандай. Осыдан 76 жыл бұрын дәл осы күні БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Бір жыл бұрын біздің қор БҰҰ Жаһандық шартына қосылды, ал қазан айында біз БҰҰ Жаһандық шарты аясында SDG Ambition білім беру бағдарламасының серіктесі болдық.

Бұл жоба ерекше балалардың сапалы спорттық білім алу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Жобаға қолдау көрсеткен Қазақстан футбол федерациясына және «Freedom» компаниясына шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздің қолдауыңыз ерекше балалардың өсіп-жетілуіне, сондай-ақ олардың құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасап, жобаның алға басуына көмектеседі» - деп атап өтті «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрайымы Динара Гаплан.

«Ұлым екеуміз әртүрлі спорт түрлерімен айналысып көрдік, оған футболға барған  қатты ұнайды, жаттығу туралы айтқанда, ол өзі жинала бастайды. Біздің тамаша жаттықтырушыларымыз үлкен жүректі адамдар, әр жаттығудан кейін олардың балаларымызға деген мейірімінен жүрегімде жылылық сезіледі. Балаларымыздың биік белестерді бағындырғанын, жобаның алға басқанын, балалардың жарыстарға барғанын қалаймын. «Болашақ» қорына, жаттықтырушылар мен демеушілерге мың алғыс. Балаларымызға көмектесетін қорлар бізге, ерекше балалардың ата-аналарына, біздің елге деген, балаларымызға әрқашан көмектесетініне сенім ұялатады» - деді Рейна Чауш-оглы, секцияға қатысатын Даун синдромы бар 15-жасар Олсар Селимнің анасы

«Бір жыл ішінде ерекше қажеттіліктері бар 100-ден астам бала мен жасөспірімнің өмірін өзгерткен осындай бірегей жобаға қолдау көрсету – біз үшін құрмет әрі үлкен жауапкершілік. Біз балалардың қол жеткізген әрбір сәттіліктен қуаныш сезінетінін, физикалық тұрғыдан дамып, жаңа достар тауып, өзіне деген сенімділіктері артып, рухты нығайтатынын көргенде, бұл бір шабыт береді. Біз салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту үшін БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақтыдаму мақсаттарын іске асыру стратегиямыздың бір бөлігі болып табылатын «UNI Football League» жобасын одан әрі дамыту және табысқа жетуі үшін жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз деп айта аламын» - деп атап өтті «Freedom Шапағат» КҚ Президенті Бағлана Мусина.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)