Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы 2 алтын еншіледі

10.12.2024, 16:33
963
Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы 2 алтын еншіледі SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан алтыннан алқа тақты.

Жартылай финалда өзбекстандық Сохиба Рузметовадан айласын асырған Гүлсая соңғы бәсекеде Украина өкілі Карине Айрапетянмен рингке шықты. Бірінші раундта төрешілердің шешімі бойынша Г.Ержан 5:0 есебімен алға шықты. Екінші және үшінші кезеңде Гүлсая алған бағытынан танбады — 5:0. Қорытынды нәтиже — 5:0. Осылайша, бокстан Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына төрт алтын медаль түсті.

Бұдан кейін Елдана Тәліпова алтын жүлдеге ие болды. Жеребеге байланысты финалға бірден өткен Елдана аса ауыр салмақта өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен айқасты. Бірінші раундта төрешілер басымдықты Елданаға берді – 3:2. Екінші кезең 4:1 есебімен аяқталды. Қорытынды нәтиже – 4:1. Осылайша, бокстан Азия біріншілігінде финалға шыққан қазақстандық бес ару түгелдей жеңіске жетіп, 5 алтын медальді олжалады.

Сондай-ақ Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг) қола жүлдегер атанды.

Тек қана сырқаттануына байланысты жарысқа қатыса алмаған Алуа Балқыбекова (50 кг) мен ширек финалға дейін жеткен Сымбат Әлиасқар (54 кг) жүлдесіз қалды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді