Әлеуметтік желілердегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскериқызметшілерінің танымал бейнероликтері

10.12.2024, 19:47
638
Әлеуметтік желілердегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскериқызметшілерінің танымал бейнероликтері ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі капитан Ұлан Борамбаевтың қатысуымен түсірілген бейнеролик танымал болып келеді.

Кадрда Ұлттық ұлан жалауын берік ұстаған жауынгер астына мінген тұлпарымен ашық аспан астында еркіндік пен абыройды бейнелейді. Бұл әдемі көрініс қоғамда жылы қабылданып, көптеген жағымды пікірлертудырды.

Instagram және TikTok қолданушылары бұл бейнероликті патриотизмнің және әскери дәстүрлерге адалдықтың бейнесі ретінде қабылдады. Көптеген адамдар бұл бейнеролик астында ел мен оның қорғаушыларын мақтан тұтатынын атап өтті.

- Мен Ұлттық ұланның жалауын ұстаған кезде халқымыздың рухы мен тарихының ұлылығын сезінемін. Мен бұған дейін әлеуметтік желілерде Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуымен бейнероликтерді тамашаладым. Мұндай трендтік бейнероликтер әскери құрылымдар қатарындағы Ұлттық Ұланның имиджін көтеретінін айқындады. Сондықтан мен осы ортақ іске өз үлесімді қосқым келді. Бейнероликтің адамдардың жүрегінен орын алғанына қуаныштымын, - деп бөлісті бейнероликтің басты кейіпкері.

Капитан Ұлан Борамбаев ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қатарында 12 жылдан бері қызмет етіп келеді. Әскери мансабында ол "Ұлттық ұлан қызметінің үздігі", "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" ведомстволық төсбелгілерімен және Ішкі істер министрлігі мен Ішкі істер министрінің орынбасарыҰлттық ұланның Бас қолбасшысы атынан грамоталармен марапатталды. Қызметтен тыс уақытта ұландық спортпен белсенді түрде айналысады. Ұлттық ұланның волейбол және футбол командаларының бетке ұстар ойыншысы.

Айта кетейік, бұл ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әлеуметтік желілерде танымал болған жалғыз бейнеролигі емес. Бұған дейін #2006 хэштегі бойынша бейнероликтер желіде көп қаралым жинаған, онда басты кейіпкерлер - Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің балалары. Сондай-ақ Алматыда орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының әскери қызметшісі Бандар Исаевтың бейнеролигі танымал болды. Оның керемет лезгинка элементтері мен заманауи қимылдары бар трендтік биі TikTok-та ең танымал бейнероликтер қатарында.

Бұл бейнероликтердің барлығы ұлттық құндылықтар мен жауынгерлік рухты насихаттау арқылы қоғамда жағымды орта құрып, бір тудың астына біріктіре алатындығын айқын көрсетеді.

https://www.youtube.com/shorts/uqsta6h5z30

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды