856

Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін ерлер алтынға таласады

Бүгін – Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының соңғы күні. Яғни, Қазақстан ерлер құрамасы финалдық жекпе-жектерін өткізеді.

Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін ерлер алтынға таласады
instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстаннан 9 боксшы алтын үшін таласатын болса, соның жетеуі өзбекстандық спортшылармен жұдырықтасады. 

Дода Қазақстан уақытымен сағат 12.00-де басталады

Қазақстандықтар мына боксшылармен кездеседі:

48 кг. Санжар Тәшкенбай — Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан), 1-жұп;

54 кг. Махмұд Сабырхан — Шахзод Музаффаров (Өзбекстан), 3-жұп;

57 кг. Оразбек Асылқұлов — Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан), 4-жұп;

67 кг. Дулат БекбауовМужибилло Турсунов (Өзбекстан), 7-жұп;

71 кг. Абылайхан Жүсіпов — Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан), 8-жұп;

75 кг. Диас МолжігітовЖавохир Умматалиев (Өзбекстан), 9-жұп;

86 кг. Бекзат Нұрдәулетов — Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан), 11-жұп;

92 кг. Сағындық Тоғамбай — Парвиз Каримов (Тәжікстан), 12-жұп; 

92+ кг. Айбек ОралбайАбудурешити Ремула (Қытай), 13-жұп. 

Материал авторы