Тұман түсіп, аяз болады: 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

11.12.2024, 09:08
728
Тұман түсіп, аяз болады: 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды AFP 2024 / Bulent Kilic

Бүгінгі күн райы қандай болмақ?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 11 желтоқсанда елдің кей өңірінде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, ал кей өңірде аяз болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 метрге дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталықта тұман түседі. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 25 метрге жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25-27 градусқа дейін қатты аяз болады. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні секундына 23 метрге жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 25 метрге жетеді. 

Қостанай облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман түседі. 

Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші екпіні секундына 15-20, күннің екінші жартысында 23 метрге дейін жетеді. Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды