Оралдық ана қызын сыныптастары соққыға жыққан соң мүгедек боп қалғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
11.12.2024, 11:46
522
Оралдық ана қызын сыныптастары соққыға жыққан соң мүгедек боп қалғанын айтты iStock

5 сынып оқушысын сыныптастары аяусыз ұрып-соғып, қорлаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оралдық ана қызын мектептегі құрдастары ұрып-соғып, қорлағанын айтты. Енді олар мүгедектікке өтініш бермек. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Мой городсайтының дерегінше, соққының кесірінен қыздың басы айналып, жүрегі айнып, психологиялық соққы алған.

Оралдық әйел №20 мектепте 5-сынып оқитын қызын 1 ай бұрын оқушылар қорлағанын айтты. Қыз мектептен жылап, телефоны бұзылып келген көрінеді. Алайда не болғанын айтпаған. Бірдеңе дұрыс емес екенін сезген анасы қызының атынан сыныптастарына хат жазды.

“Оны сыныптастары ұрған екен. Үшеуі ұрып-соғып, тағы екеуі телефонын алып, бір-біріне доп сияқты лақтырыпты. Сыныптасы мұғалімді шақырды. Сөйтсе сыныптастары оны 4-сыныптан бастап артық салмағы және көзілдірік кигені үшін мазақтайды екен. Сол күні жедел жәрдем бөлмесінде соққыларын түсіріп алдық. Қызымның миы шайқалған, басы, қолы, жамбас жұмсақ тіндері көгерген. Полиция бөлімшесінде директор орынбасарының өтініші бойынша арызымды қайтып алдым. Себебі ол бәрін түсіндіретінін және шешетінін айтып сендірді. Бірақ жиында бірде-бір ата-ана баласы үшін кешірім сұраған жоқ", – деді әйел.

Әйелдің айтуынша, қызда жарақаттан кейінгі энцефалопатия пайда болған және көру қабілеті нашарлаған. Ол қайтадан арыз жазып, қызды тағы сот-медициналық сараптамаға жіберді.

"Қазір қызым психологиялық күйзелісте, басы ауырып, жүрегі айниды. Мен ата-аналар мен мектепті сотқа бергім келеді. Баламды мазақтайды екен. Балаларды тек тіркеуге алған, бірақ ешкім жазаланған жоқ. Қазір мүгедектікке өтініш беріп жатырмыз", – деді әйел.

Орал қалалық білім бөлімі оқиғаны растады. Алайда бесінші сынып оқушылары қорлағысы келмеді дейді. Бұл іс тіпті кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында да қаралды.

“Бұлар – 10 жасар кішкентай балалар. Олардың барлығы жылап, кешірім сұрады, енді бұлай жасамауға уәде берді. Ал қыздың телефоны бастапқыда бұзылған. Олардың ата-аналары да өте саналы адамдар. Қыздың өзі де бәрін кешіргенін айтты. Осыдан кейін дәлізде бірге ойнап жүр. Ешқандай қорлау жоқ. Керісінше, жағдайды шешуге және балалардың болашақта бір-бірімен жанжалдаспауына бар күшімізді салуымыз керек. Комиссия ата-аналарға түсініктеме беру жеткілікті деген қорытындыға келді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары да тәртіптік жаза алды”, – деп хабарлады білім басқармасы.

БҚО ІІД баспасөз қызметі Зачаган ПБ Орал тұрғынының арызы бойынша материалдар жинап, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жібергенін хабарлады. Іс Орал қаласы әкімінің орынбасары Аслан Тәпішев, психологтар мен мұғалімдердің қатысуымен өткен жиында қаралды. Комиссия шешіміне сәйкес балалардың ата-аналарына бала тәрбиесіне қатысты түсініктемелер берілді. 

Бұл ретте тәртіп сақшылары мектепке кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор бекітіліп, бейнебақылау камералары орнатылғанын, оқушылар арасында профилактикалық жұмыстардың жиі жүргізілетінін жеткізді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады