«Полицейлерге пышақ тақаған жоқ»: Куәгерлер Қаржаубай Нұрымовтың тек әділ шешім сұрағанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
11.12.2024, 12:40
1058
«Полицейлерге пышақ тақаған жоқ»: Куәгерлер Қаржаубай Нұрымовтың тек әділ шешім сұрағанын айтты бейнежазбадан алынған кадр

Біреуге пышақ тақады дегеннің барлығы өтірік дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда көз жұмған жасөспірім Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов БАҚ өкілдерімен кездесуді талап еткеннен кейін оны полиция ұстап алып кеткен еді. Оқиғаның қалай болғанын Stan.kz тілшісіне куәгер Дінмұхамед Қаматай айтып берген.

“Біреуге пышақ тақады дегеннің барлығы өтірік. Ол пышақты өзін қорғау үшін ғана ұстады. “Егер маған жақындасаңдар, маған осы жерде әділ сөзді айтқызбасаңдар қолымды кесемін, деді. Ешкімге пышақ сермеген де тақаған да жоқ. Ол БАҚ өкілдерін күтіп, соларға шындықты айтамын деді. Қаржаубай ағаға қатысты ешқандай іс қозғалмауы керек. Нұрқанат бауырымыз өзіне қол жұмсады дегенге Қаржаубай аға да, мен де, бүкіл қазақ халқы келіспейді. Ол өзінің бауыры үшін күресті. Әділдікке қол жеткізген кезде мұндай қадамға бармас еді", – дейді куәгер.

Куәгердің айтуынша, Қаржаубай Нұрымов тек қана шындықты айтқысы келген және ешқандай митинг ұйымдастырмаған.

“Мен келген кезде Қаржаубай ағамыз бір көлікті қыспаққа алыпты. Қаржаубай аға көліктегі адамды шығармақ болған, алайда ол шықпай қойған. Көлікпен жолын бөгегеннен кейін туыстарының барлығы сол жерге жиналды. Ол жерге барлық құқық қорқау органдары келді. Қаржаубай ағаның бір ғана талабы болды. Ол – әділ тергеу. Жаңағы адамды шығарып, сол жерде тергеу жүргізуді талап етті. Өйткні Нұрқанаттың денесін тапқанда сол адам көрген деген күдік бар. Қаржаубай аға тек шындықты айтқысы келді. Ешқандай митингіге үгіттеген жоқ. Сол жерде тұрып, “Маған тек әділдік керек” деді”, –  дейду Дінмұхамед Қаматай.

Оның сөзінше, марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың бір уақытта бірнеше адамға хабарлама жіберуі мүмкін емес, дейді. Сөзінше, марқұм көзі тірісінде тек аудиохабарлама қолданған. Сондай-ақ өте сауатты жазатын болған.

“Қалай бір уақытта бірнеше адамға хабарлама жібереді. Ол әрдайым аудохабарлама жібереді екен. Жай ғана хат жазып кете салуы мүмкін емес. Сонямен қатар Нұрқанат қатесіз жазатын. Менің ойымша хабарламаларды Нұрқанат жазбаған”, – дейді ол.

Еске салсақ, кісі қолынан қаза болған жасөспірім Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесуді талап етті. Газельдің үстіне шыққан Қаржаубай журналистер келмеген жағдайда өзіне қол жұмсайтынын мәлімдеді.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты