Төреғали Төрәлі тағы да жиенді болды
Әншінің қарындасы, блогер Дина Төреәлі екінші сәбиін дүниеге әкелді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер жаңалығын жеке парақшасында жариялады.
"Қош келдің өмірге балапаным. Көп күттірмей Аллам тағы да ата-ана атануды нәсіп етіпті. Тілеп, күтіп жүрген барша жанға жұғысты болсын!
Құттықтауларыңызды қабылдаймыз. Көп тілеуі қабыл балапанымызға жақсы тілектеріңізді жаза кетіңіздер", – деп жазды ол.
Еске салайық, блогер екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін тұңғышының туған күнінде ресми жариялаған еді. Желі қолданушылары “қыз болады” деп болжаған болатын.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор