558

Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан алтын жүлдені иеленді.

Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды
olympic.kz

Ол 54 келіге дейінгі салмақта финалдық жекпе-жегін Өзбекстан өкілі Шахзод Музаффаровпен өткізді. Бірінші кезеңде Махмұд 4:1 есебімен басымдылық танытты. Екінші кезеңде қазақстандық боксшы шабуылын үдеткенімен, есеп өзгерген жоқ. Қорытынды есеп – 4:1.

Естеріңізге салсақ, осыдан екі жыл бұрын Азия біріншілігінде Махмұд Сабырхан күміспен күптелген еді.

Ал, Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен қолғап түйістіріп, ұтылып қалды. Қоржында – күміс жүлде.

Кездесуге тоқталсақ, бірінші раундта бес төрешінің төртеуі өзбек боксшысы басым деп тапты. Екінші кезеңде Санжар таразы басын өзіне аударды – 4:1. Бірақ үшінші раундтарефери Санжарды нокдаун алды деп есеп ашты. Қорытынды есеп – 4:1.

Санжар Тәшкенбайдың бұған дейін де Азия чемпионы деген атағы бар екенін атап өткен жөн.

Материал авторы