Күміспен күптелген күн

11.12.2024, 15:40
683
Күміспен күптелген күн instagram.com/boxingkazakhstan

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында отандастарымыз финалда ұтылып жатыр. Әзірге Махмұд Сабырхан ғана алтын иеленді. Өзгесі өзбек боксшыларына есе жіберді.

Оразбек Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта әлем және Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы, аса тәжірибелі өзбекстандық Миразизбек Мирзахалиловпен шаршы алаңға шықты. Азулы қарсыласынан именбей айқасқан Оразбек бірінші раундта соққыларын дәл тигізе білді. Мұны төрешілер көрмей қалған жоқ – 5:0.  Екінші кезеңде өзбекстандық боксшы алғашқы раундтағы есепті қайталап, таразы басын теңестірді. Ал шешуші үшінші раунд 5:0 есебімен М.Мирзахалиловтың пайдасына шешілді. 

Бұған дейін әлем және Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанып үлгерген Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Мужибилло Турсуновпен шеберлік байқасты. Аса қызу өткен жекпе-жек барысында бірінші раундта төрешілер басымдықты М.Турсуновқа берді – 3:2. Екінші кезеңде дәл осындай есеппен Дулат алға шықты. Үш раундтан соң бейнежазбаны қайталап көрген төрешілер жеңісті өзбекстандық боксшыға беріп жіберді. 

Әлем біріншілігінде үш рет қола, Азияда күміс алған А.Жүсіпов 71 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевқа қарсы келді. Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі Абылайхан басым деп көрсетті – 4:1. Алайда екінші және үшінші раундта таразы басы Х.Асадуллаевқа ауды. Қорытынды есеп – 4:1, өзбек спортшысының пайдасында.

Диас Молжігітов 75 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Жавохир Умматалиевпен күш сынасты. Бірінші кезеңде төрешілер басымдықты түгелдей өзбек боксшысына берді – 5:0. Екінші раундта есеп 4:1 болды. Үшінші кезеңде Диас барын салғанымен, ештеңе өзгере қойған жоқ. Қорытынды есеп 5:0 болып, Жеңіс Умматалиевтің еншісіне жазылды.

Бұған дейін Санжар Тәшкенбай да күміспен күптелген еді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды