Қоржынға қос алтын түсті
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов финалда жеңіп, алтын медаль иеленді.
Әлем чемпионы Б.Нұрдәулетов 86 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен шаршы алаңда кездесті. Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі өзбек спортшысы басым болды деп таныды. Екінші кезеңде де сондай есеп тіркелді — 3:2. Дегенмен үшінші раундта қазылар түгелдей жеңісті Бекзатқа берді. Қорытынды есеп — 4:1.
Бекзаттың жеңісті жолын Сағындық Тоғамбай жалғастырды. Ол 92 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Парвиз Каримовпен жолықты. Сағындық бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберді — 5:0. Екінші кезеңде С.Тоғамбай тәжікстандық боксшыны ауыр соққының астына алып, тағы екі рет нокдаунға түсіргеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Сөйтіп техникалық нокаут тіркелді.
Осылайша, әзірге Қазақстан қоржынында 3 алтын медаль бар.
Материал авторы