Жаңа басшы: Ауыр атлетиканың «ауыр» кезеңі артта қала ма?

11.12.2024, 16:55
592
Жаңа басшы: Ауыр атлетиканың «ауыр» кезеңі артта қала ма? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Соңғы жылдарда еліміздің ауыр атлетика спорты қиын сәттерді бастан кешіргені рас. Допингке дауына іліккен спортшыларымыз жүлдесінен айырылса, кейбіреуі өзіне қол жұмсады.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан ауыр атлетика федерациясының есеп беру жиынында федерация президенті Жанат Түсіпбеков өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, федерация президенттігіне Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды. Жиынға қатысушылар, соның ішінде облысфедерацияларының басшылары мен спорт қауымдастығы Г.Гаджиевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Министр Ербол Мырзабосынов ауыр атлетика федерациясын он жылға жуық басқарған Жанат Түсіпбековке жемісті қызметі үшін алғыс білдіріп, жаңа басшы Гаджи Гаджиевке сәттілік тіледі.

«Ауыр атлетика халық арасында кеңінен танымал. Өйткені қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктері ел ішінде спорттың осы түріне деген қызығушылықты арттыруда және дамытуда маңызды рөл атқарады. Құраманың халықаралық ареналардағы жетістіктері спортшыларымыздың жоғары әлеуетін және елімізде спорттың осы түрінің тұрақты дамуын көрсетеді.

Осы орайда, Жанат Түсіпбековке Туризм және спорт министрлігі атынан елімізде ауыр атлетиканың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін. Ауыр атлетика федерациясын басқарған он жылдан астам уақытта біздің спортшылар талай жетістіктерге қол жеткізді.

Сондай-ақ федерацияның президенті болып сайланған Гаджи Гаджиевтің алдағы жұмысына сәттілік тілеймін. Ауыр атлетика бұрынғы биігіне қайта шығаратынына, спортшыларды жан-жақты қолдау дәстүрі жалғасатынына сенімдімін және бірлескен күш-жігермен жаңа биіктерге жетеміз», – деді Ербол Мырзабосынов.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды