Айбек Оралбай – Азия чемпионы
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай соңғы болып рингке көтеріліп, жеңіске жетті.
Жартылай финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировті жеңіп, финалға шыққан А.Оралбай 92 келіден жоғары салмақта қытайлық Абудурешити Ремуламен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта Айбектің ауыр соққылары қарсыласына дәл дарып жатты — 5:0.Қазақстандық боксшы екінші кезеңде қарқынын төмендетпеді — 5:0. Ол үшінші раундтада шеберлігінің жоғары екендігін көрсете білді. Қорытынды есеп — 5:0.
Сөйтіп, бүгін ақтық сында бақ сынаған қазақстандық 9 боксшының төртеуі алтын, бесеуі күміс иеленді.
Материал авторы