«Еркектің кеңдігі мен даналығы»: Мұхамеджан Тазабек ене мен келін тақырыбын көтерді

Аиса Махамбет Редактор
11.12.2024, 18:44
945
«Еркектің кеңдігі мен даналығы»: Мұхамеджан Тазабек ене мен келін тақырыбын көтерді жеке мұрағатынан

Келінге комфорт болу үшін бәрін қайны ата бірден шешуі керек дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мұхамеджан Тазабек отбасындағы ене мен келін мәселесін көтерді.

Медиа маманы келін шаңыраққа келгенде қайын атаның рөлінің зор екенін атап өтті. 

“Келін мынаны істеуі керек, ананы істеуі керек" деген нәрсе айтылады да, келінге қатысты кімнің қандай нәрсе істеуі керек екені, үйге келген жаңа тұлғаға кімнің қандай көмек көрсетуі керек екені мүлдем айтылмайды. Келінге ата не істеуі керек, күйеуі не істеуі керек, енесі не істеуі керек деп қызығып көрдіңіз бе?! Үйге келін түскенде қайын ата бәйбішесімен көркем қарым-қатынасын күшейту керек. Себебі, бәйбішенің көңілі дұрыс болмаса, "ене" ретінде жайсыз тұлғаға айналуы мүмкін. Келінге комфорт болу үшін қолайсыздық тудыратын факторларды бірден бір шешуі керек адам – қайны ата", – дейді тәлімгер.

Айтыскер ақынның сөзінше, енені келіннің татуылығы тікелей үйдегі ер адамға байланысты көрінеді. 

Үйде ерекше атмосфера қалыптастыру, қонақ ағымын қадағалау, үйде жатқан бөтен туыс, бойдақ студент сияқты құбылыстардың бәрін кедергі келтірмейтіндей реттеуі керек. Ене келінді қызындай көре алмауы мүмкін. Заты әйел ғой. Ал қайын ата қызындай көруі керек. Еркектің нағыз кеңдігі, даналығы сыналатын тұс осы. Негізі үйде ата абыройлы болса, ене шектен шықпайды. Сондықтан еркектің абыройы қаншалықты екені – келін келгенде белгілі болады. Ененің "ұлын қызғануы, ас бөлмесін қызғануы, келінге күн көрсетпеу" үйде еркектің билігі әлсірегенде, қадірі қашқанда болатын келеңсіздіктер", –дейді Мұхамеджан Тазабек.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады