«Өнерді, тойды, домбыраны харам дегені ауыр соққы болды»: Айқын өнерді тастап, дін жолына түскен әртістерді сынады

Аиса Махамбет Редактор
11.12.2024, 19:53
10017
«Өнерді, тойды, домбыраны харам дегені ауыр соққы болды»: Айқын өнерді тастап, дін жолына түскен әртістерді сынады жеке мұрағатынан

Айқын Төлепбергеннің айтуынша, өнерді тастап, дін жолын таңдаған продюсері Ерік Тастамбеков харам деп әншінің қуанышына келмей қойған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі өнердегі талантты достарының дінге кетіп қалғанына өкінетінін “Замандас” подкастында айтып берді. 

“Бұрын да намаз оқып, сахнада ән айтып жүргендер болған. Бірақ бүгінгідей белең алып тұрған жоқ еді. Жақын араласатын достарым музыканы тастап, кетіп қалған. Менің түсінгенім, өнерді дін үшін тастап кеткендер 5-6 жылдан кейін қайтып келеді екен. Бірақ бұрынғыдай болмайды.

Күні кеше өткізген тойыма бұрынғы продюсерім Ерік Тастамбеков келген жоқ. “Той жасау – харам, мен бармаймын” деп айтты. Ол жақта дінге қайшы ештеңе ұйымдастырылған жоқ. Сонда да келгісі келмеді. Домбыраны харам дейтіндер шықты. Алдымен, мен – қазақпын. Домбыраны қазақтан бөлу –  мүмкін емес. Музыканың өзін құдай жаратты. Кез келген дүниеде баланс болуы керек. Қатты кетіп, басқаны құнсыздандыруға болмайды. Жақында университетте бірге оқыған досыммен ренжісіп қалдық. Ол менің өнерімді харам деп, парақшамнан шығып кетті. Маған сол қатты соққы болды. Дін үшін 20 жылдық достығымызды ажыратты”, – деді әнші. 

Сондай-ақ Айқын өзін той әншілерінің қатарына жатпайтынын да ескертті. 

“Менің репертуарымда тойға арналған әндер жоқтың-қасы. Сондықтан мен үнемі тойға шығамын деп айта алмаймын. Бір күн той болса, екінші күні корпоратив кешке қатысамын. Одан кейін осындай сұхбаттар мен подкастарға шақырады. Ал мен тойдың әншісі болсам, күні-түні тек тойда жүретін едім. Қазіргі жастар тойдың гонорарын бес миллионға дейін көтеріп жіберді. Менің бағам – 2 миллион 500 мың теңге. Негізі бағаны той нарығы шешеді”, – деді өнер иесі. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады