Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты

Әлемде бір күнде Meta сервистері ақауға байланысты қызметін тоқтатты.

Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
көрнекі фотосурет / Stock Photo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлем бойынша Facebook, Youtube және Instagram желілерінен ақау шықты.

Желілер Қазақстаннан бөлек АҚШ, Польша, Беларусь және тағы бірқатар елде жұмыс істемей тұр. Желі қолданушылары WhatsApp мессенджерінде де ақау болғанын айтып шағымданып жатыр.

Downdetector мәліметінше, соңғы 24 сағатта WhatsApp, Instagram және Facebook қызметтеріне қатысты келген шағымдар саны әдеттегі көрсеткіштен айтарлықтай жоғары болған.

Meta сервисіндегі техникалық ақауға байланысты компания өкілдері әлі ресми мәлімет берген жоқ.

Материал авторы