Басыңды қасудың қажеті жоқ: Жалақысы жоғары бос орындар көп

12.12.2024, 11:45
516
Басыңды қасудың қажеті жоқ: Жалақысы жоғары бос орындар көп көрнекі фотосурет / Stock Photo

2024 жылдың қараша айында Электрондық еңбек биржасында 96,9 мың бос жұмыс орны және 91,7 мың түйіндеме жарияланған. Қазан айымен салыстырғанда бос орындар саны 22%-ға (26,7 мыңға), түйіндеме саны 14%-ға (14,3 мыңға) азайған.

ЕХӘҚМ мәліметінше, сұраныстың күрт төмендеуі негізінен жылу саласы жұмыскерлерінің қажеттілігінің төмендеуімен байланысты екен.

«Қазандық операторлары арасында айтарлықтай төмендеу болды – қазан айында 7 мыңнан қараша айында 500-ге дейін, қазандық машинистері – 2,3 мыңнан 408-ге дейін, сондай-ақ от жағушылар – 6,3 мыңнан 805-ке дейін төмендеді», - делінген мәліметте.

Ал өңірлер бөлінісінде қараша айында ең көп бос жұмыс орындарын Астана қаласының (8 мың), Павлодар (6,4 мың) және Алматы (5,8 мың) облыстарының жұмыс берушілері орналастырды. Бос орындар санының ең көп қысқаруы Батыс Қазақстан (-52%, немесе -4,8 мың), Қызылорда (-49%, немесе -2,5 мың) және Маңғыстау (-42%, немесе -1,5 мың) облыстарында байқалды.

«Барлық түйіндемелердің жартысына жуығын 16 жастан 34 жасқа дейінгі жастар(43,9 мың) орналастырады, олардың ішінде ең белсенділері 16 жастан 24 жасқа дейінгіжәне 29 жастан 34 жасқа дейінгі топтар болып табылады, олар ЭЕБ-да орналастырылғандардың жалпы санының 18%-ын құрайды.

Жұмыс іздеген әрбір төртінші (23 мың) - орта жастағы (35-тен 44 жасқа дейін) ізденуші, ал зейнеткерлікке дейінгі жастағы ізденушілерге барлық түйіндемелердің 9% (8,7 мың) тиесілі болды», - деді ведомство өкілдері.

Жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны бас құрылысшыларға (орта есеппен 726 мың теңгеден бастап), өндіруші өнеркәсіптегі қызмет бастықтарына (шамамен 649 мың теңге) және диірменшілерге (шамамен 580 мың теңге) ұсынды. Жұмыс іздеушілерарасында ең жоғары жалақыны әзірлеу жөніндегі жобалардың басшысы (орта есеппен 1,3 млн теңгеден бастап), талдау қызметінің бастығы (шамамен 1,2 млн теңге) және ұшқыштар (шамамен 1,1 млн теңге) сұрады.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді